• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағандылық дизайнер «Қазақстанда жасалған» логотиптер байқауының жеңімпазы атанды

Қарағандылық дизайнер «Қазақстанда жасалған» логотиптер байқауының жеңімпазы атанды

13 Сәуір, 2015 14:06
Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстанда жасалған» логотиптер байқауының жеңімпазын анықтады, деді «NADLoC» «Жергілікті қамту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенов ОКҚ брифингінде.

Инвестициялар және даму министрлігі өткен жылы  отандық кәсіпкерлер мен отандық тауарларды қолдау үшін «Қазақстанда жасалған» атты тақырыпқа салынатын үздік логотипке конкурс жариялаған болатын. Бізге жалпы саны 200 эскиз келіп түсті», - деді ол.

Оның айтуынша, байқауда арнайы мәдениет, ұлттық палата, меморгандар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен арнайы комиссия құралды.

Қорытындысында «Қазақстанда жасалған» логотптер байқауының жеңімпазы Екатерина Рукшенене атанды.

Барлық жаңалықтар