- Басты
- Жаңалықтар
- Жер қойнауын пайдаланушыларының электронды реестріне күніне 100 мыңнан астам адам кіреді
Жер қойнауын пайдаланушыларының электронды реестріне күніне 100 мыңнан астам адам кіреді
«Осыған байланысты мемлекет пен өнім өндірушілерді орталықтандырып, олардың байланысы кеңінен ақпараттандырылған болуы керек. «Жер қойнауын пайдалану мен оларды өндірушілер операцияларды жүзеге асыру барысында пайдаланатын тауарлар мен қызметтердің және жұмыстардың реестрі» электронды жүйесі осындай мақсаттар үшін жасалды. Жергілікті тасымалдаушылардың бұрын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына кіру мүмкіндігі болмаған. Қазір ол бар»,-деді Қ.Бектұргенов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзінше, аталмыш жүйеде бүгінгі таңда 679 жер қойнауын пайдаланушы компания мен мердігер тіркелген және олар Қазақстанда жұмыс істейтін негізгі компаниялар, 24 мың тасымалдаушы, 202 мың сатып алу жұмыстары ұйымдастырылды.
«Күніне порталға 100 мың адам кіреді»,-деді Басқарма төрағасы.
Бұған қоса Қ.Бектұргеновтың сөзінше, тұрақты түрде ең көп сұранысқа ие тауарларды анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіледі. «Нәтижесінде өнеркәсіптің негізгі 6 бағыты бойынша 150 тауар тізімі жасалған. Олар бойынша арнайы кеңестер дайындалып, кәсіпорындар нақтыланды. Олардың базасында жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болса, тауарды да өндіруге болады»,-деді акционерлік қоғам басшысы.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары