Қазақстандық өнім бірыңғай логотиппен шығарылатын болады

13 Сәуір, 2015 13:25
Қазақстанда отандық өнім үшін бірыңғай логотип әзірленді, деді ОКҚ брифингінде ҚР ИДМ индустриялық даму мен өндірістік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлімдеді.

«Өнім үшін бірыңғай логотип ұйымдастырылды, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірігіп сауда орталықтарында логотипті насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда елдің 15 мың сауда орталығында орналастырылды», - деді ол.

Аманияз Ержанов атап өткендей, бірқатар өңірлерде жергілікті қамту форумын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Осы жылы өңірлерде жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша форумды өткізу жұмысы дамуда. Тұтынушылар қазақстандық тауар өндірушілермен жеке кездесіп, тапсырылымдарын тікелей айта алады. Қарағанды, ОҚО, Ақтөбе облыстарында қазақстандық қамту бойынша диалогтік алаңдар өткізілді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар