• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жергілікті қамтуды арттыру бойынша 1,4 трлн теңгенің 8 меморандумы жүзеге асты

Қазақстанда жергілікті қамтуды арттыру бойынша 1,4 трлн теңгенің 8 меморандумы жүзеге асты

13 Сәуір, 2015 13:17
2015 жылдың басынан бастап Қазақстанда жергілікті қамтуды арттыру бойынша 1,4 трлн теңгенің 8 меморандумы жүзеге асты, деді ОКҚ брифингінде «Жергілікті қамтуды ұлғайту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенов.

«Осы жылы бұл бағыттағы жұмысымызды арттырдық. Жыл басынан бері 1,4 трлн теңгенің меморандумы жүзеге асты», - деді К.Бектүргенов.

Әлеуметтік меморандумдар бойынша әкімдіктер мен ұлттық холдингтер, компаниялар арасында 300 мың жұмыс орны сақталды.

Айта кетерлігі, республикада ұзақмерзімді келісімшарттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. К.Бектүргенов атап өткендей, міндеттер бірнеше жыл бойы сақталып, жұмысты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, келісім 5 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа 1 трлн теңге шамасында жүзеге асты.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірлерде жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша меморандумдар жүзеге асты.

Жергілікті қамтуды дамыту  жөніндегі агенттік өңірлермен бірігіп кәсіпкерлер арасында ҰКП сараптама мен мониторингті  өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша  жүргізді.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар