- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ агенттігі мен Қызылорда облысының әкімдігі жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің бірлескен қорытындысын талқылады
БҰҰ агенттігі мен Қызылорда облысының әкімдігі жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің бірлескен қорытындысын талқылады
Делегация өкілдері облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Қызылорда облысы бойынша жергілікті халықтың және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағынан инновациялық тәсілдерді ендіре отырып, қолдау көрсету» атты біріккен бағдарламасының нәтижелі бастамаларымен танысты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігінде БҰҰ агенттіктерінің қатысуымен 2014 жылдың қорытындысы бойынша бірігіп жасалған бағдарламаның басқару жиналысы болып өтті.
Жоғарыда аталған біріккен бағдарлама аймақ халқының өмір сүру сапасын көтеру мақсатында өткен жылы қабылданып, БҰҰ-ы жүйесінің 6 агенттігі мен (ПРООН, ЮНИСЕФ, ЮНПФА, ЮНЕСКО, ВОЗ, ООН-женщины) жүзеге асырылуда.
Бағдарлама өткен жылдан бері іске асырылып келеді және оның осы кезеңге дейінгі жасалған жұмыстардың нәтижесін айқын көруге болады. Атап айтсақ, екі ауданда әлеуметтік мәселелерді шешу жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 22 адам жұмысқа қабылданды, оның 12-сі мүмкіндігі шектеулі адамдар.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының арасында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған және мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасын көтеру мақсатында түрлі оқулар,семинарлар, тренингтер өткізілді.
Кездесуде қатысушылар жасалған жұмыстарының нәтижелі қорытындысы мен болашаққа деген жоспары туралы талқылады.
Сонымен қатар, жиналыста БҰҰ-ы мен Үкіметтік құрылымының қарым-қатынасының негізі және олардың жемісті нәтижеге қол жеткізуіне қажетті басты салалар туралы сөз қозғалды.
Облысымызда Үкіметтік емес ұйымдар нәтижелі жұмыс жасауда және бюджеттік ұйымдар барлық әлеуметтік тапсырыстарын солардың көмегімен іске асырып жатқандығын айта кету керек.
Қорыта келе, қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы біріккен бағдарламаның аймақтың дамуына ауқымды үлес қосатындығын атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады