Алматы облысында жаңа балабақша бой көтерді

13 Сәуір, 2015 15:33
Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында жаңа жекеменшік балабақша салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бой көтерген екі қабатты балабақша ғимараты 75 балаға арналып салынған. Мұнда сәбилердің емін-еркін тыныстап, өсіп жетілуі үшін заманауи жаңа жиһаздар мен түрлі ойыншықтар әкелінген. Бүгінгі таңда балабақша 1 жастан жоғары сәбилерді қабылдауда», - делінген хабарламада.

Жамбыл аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйляш Бәкірованың айтуынша бұл аудан бойынша осымен 30-шы балабақша болып саналады. Ал «Балапан» бағдарламасы аясында олардың саны 14-ті құрайды.

 

Барлық жаңалықтар