- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да осы жылы 3 өнеркәсіптік жылыжайды іске қосу жоспарланған
ОҚО-да осы жылы 3 өнеркәсіптік жылыжайды іске қосу жоспарланған
«Шымкентті шынында да Қазақстанның «жылыжайлар астанасы» деп те атауға болады. Бүгінгі таңда тек «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ғана жалпы алаңы 24 га ірі өнеркәсіптік жылыжай қаржыландырылып, іске қосылған», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылы тек «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ғана Оңтүстік Қазақстанда жалпы жобалық қуаты 6 га астам тағы да үш өнеркәсіптік жылыжайдың іске қосылуы жоспарланып отыр. Сөз орайына қарай айта кетсек, үш жаңа жылыжайдың бірі –«ҚазАгроном» ЖШС жылыжайы ендігі іске қосылған, әрі республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарының нарықтарына жыл сайын 531 тонна қияр мен 756 тонна қызанақ жеткізіп тұруға әзір. Жобаның жалпы құны - 1 млрд. теңгеден асады, жылыжай кешенінің алаңы – 3 га.
Бұл Оңтүстік Қазақстандағы заманауи жылыжайлардың бірі. Оның құрылысында «Rufepa» компаниясының испандық технологиясы қолданған. Оның конструкциясы коррозияға жоғары орнықтылығымен ерекшеленеді, себебі барлық құрылымдық бөлшектері ыстық тәсілмен цинкталған. Жылыжай жарықөткізеді және оңтайлы конденсацияны қамтамасыз етеді. Көкөністерді күтіп-баптау технологиясының негізінде суару, тыңайтқыш және басқа ресурстарды экономдау жатады. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 19 млн. теңге соманы құрады, жалпы соманың 85 пайызы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылды.
«Біз қаржыландыруды өте тиімді шарттармен ұсынамыз, бірде бір қаржылық институт кәсіпкерлер үшін бұндай жағдай жасамайды. «Жабдық жылдық 6 пайыз мөлшерімен 10 жыл мерзімге лизингке беріледі. Жеңілдетілген мерзім 2 жылды құрайды, бұл уақыт кәсіпкерге аяғына нық тұруға мүмкіндік береді», - деп «ҚазАгроҚаржы» АҚ ОҚО ресми өкілі Фурхад Миркаримов мәлімдеді.
Тұтас алғанда, көкністер жылыжайда аз көлемді гидропоника технологиясы қолданыла отырып, субстрат негізінде өсіріледі, бұл жылына екі рет – ақпан айынан маусымға дейін және тамыз айынан желтоқсанға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. «ҚазАгроном» жылыжайында тұқым себу жұмысы ағымдағы жылдың қаңтар айында жүзеге асырылып та қойғанын айтып кеткен жөн. Бүгінгі күні жылыжай аймақтың азық-түлік нарықтарында ойдағыдай өтіп жатқан өзінің алғашқы өнімімен мақтануға әзір.
Назарларыңызға, тұтас алғанда, республика бойынша, «Жылыжай кешендерінің желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде сомасы 36,9 млрд. теңгеден аса сомаға жалпы алаңы 94 га артық 26 жылыжай кешені қаржыландыруға мақұлданған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауының арқасында тұрғызылған жылыжайлар еліміздің нарықтарына жыл сайын 48 000 тоннадан артық жаңа піскен көкөніс өнімдерін жеткізіп тұруға әзір екенін айтып кету қажет.
Жылыжай кешендерінің құрылысы бағыты бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен 45,9 млрд.теңге сомасына 41 жоба пайдалануға берілді, оның қуаттылығы147,4 га жерде 61,2 мың тонна өнім шығару. Қазагрономды қоса алғанда 25,3 млрд.теңге сомасына 26 жоба іске қосылды, қуаттылығы 37,1 мың тонна өнімді құрайды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды