- Басты
- Жаңалықтар
- Әскерилер Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды (Фото)
Әскерилер Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды (Фото)
13 Сәуір, 2015 12:56
Балқаш қаласының маңында орналасқан 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери-көліктік авиациясы ұшу құрамының жиыны басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жиынға авиациялық техниканың 7 бірлігі қатысуда. Оның құрамына С-295, Ан-72, Ан-26 ұшақтары және ұшу-көтеру құрамының 33 әскери қызметшісі тартылған. Бұл жиынның мақсаты – экипаждарды топ құрамында үйлесімді ұшуға дайындау.
Олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта сап түзеп ұшатын болады. Жиын ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы басқармасындағы тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардың жетекшілігімен өткізілуде.
Нұсқаушы ұшқыштар жас буынмен өздерінің бай тәжірибесімен бөліспек. Жиын барысындағы ұшулар бірнеше ұшақтан құралған топпен ең төмен биіктікте, парадтағы ұшуларға барынша ұқсас жағдайларда орындалып, онда ұшқыштар өз шеберліктерін қосымша пысықтай түсетіндіктерін атап өткен жөн.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды