- Басты
- Жаңалықтар
- 2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді
Ел аумағында өткізілген мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдарды анықтау және оларды тиісті құжаттармен қамту жөніндегі науқан нәтижелерімен ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов таныстырды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Сейтжановтың дерегінше, 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен «Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюро» және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» Акционерлік қоғамымен бірлесіп азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша ауқымды сәйкестендіру кампаниясын іске қосқан.
«Кампанияның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында құжатсыз, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына Қазақстанның азаматы немесе азаматтығы жоқ адам ретінде танылып тиісті құжаттар ресімделеді», - деді ол.
Оның айтуынша, құрылған тәжірибеге сәйкес, құжаттанбаған адамдар бұл, ТМД елдерінің біреуінен жарамсыз паспортпен елге келген, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелері.
«Сондықтан олар өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруда шектеулі болды - жәрдемақы ресімдей алмады, денсаулық қызметтерін ала алмайды, білім және тағы басқалар», - деді ол.
Сондай-ақ, көші-қон қызметі комитеті Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросымен бірге еліміздің барлық аумақтарында Полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдермен және БАҚ ұйымдастыру- методикалық кездесулер өткізген.
Науқан нәтижесінде 4 686 құжаттанбаған адамдар анықталды. Олардың көпшілігі – Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола, Жамбыл және облыстарынан анықталған.
«3 408 адам жеке басын куәландыратын құжат алды, 1 278 - қатысты адамдарды құжаттандыру мәселесі аяқталуда, 1797 адам бұрынғы КСРО-ның қызыл төлқұжатымен жүрген», - деді Сейтжанов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда науқан әлі жалғасып жатыр. Сол себепті мүлдем құжатсыз жүрген азаматтарға өздерінің құқықтық мәртебесін анықтау және жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметі бөліністеріне жүгіну керектігін ескертті.,
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру