2015 жылы АӨК саласындағы шағын несие үшін 35,2 миллиард теңге бөлінді – АШМ

13 Сәуір, 2015 11:20
2015 жылы агроөнеркәсіп кешені саласындағы шағын несие үшін бөлінген қаржы көлемі 35,2 миллиард теңгені құрады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес пен Қаржы және бюджет комитетінің бірлескен отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2005 жылдан бастап ауыл кәсіпкерлеріне «ҚазАгро» холдингі ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы шағын несие беру бағдарламасын жүзеге асыруда.  

«2015 жылы шағын несие өнімдері үшін 35,2 миллиард теңге көлемінде займ беру жоспарлануда. 2005-2014 жылдар аралығында қор тарапынан бөлінген несие құралдарының арқасында 111 мың адам жұмыспен қамтылды»,-деді Е.Көшербаев.

Жалпы 2005-2014 жылдар аралығында қор 101,5 миллиард теңгеге 123 мың займ берген. Соңғы үш жылда 72,3 миллиард теңгеге шағын несие берілген, 2014 жылы бұл сома 36,5 миллиард теңгені құрады.

Бүгінгі таңда қолданыстағы қорды Apex қорына трансформациялау жоспарланып отыр.

«Қордың болашақ үлгісі шағын несие ұйымдары үшін кешенді шаралар қарастыруда. Бұл қорландыру соның ішінде кепілдіксіз қорландыру, шағын несие ұйымдарына екінші деңгейлі банктер тарапынан кепілдік беру және шағын несие ұйымдарының займдары бойынша, соңғы займшылардың сыйақы ставкаларын субсидиялау»,-деп нақтылады вице-министр.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар