- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ Калифорнияда еншілес компания құру мүмкіндігін қарастырып жатыр
«Самұрық-Қазына» АҚ Калифорнияда еншілес компания құру мүмкіндігін қарастырып жатыр
«Самұрық-Қазына» тобындағы бірқатар компаниялардың жетекшілерінен тұратын жұмыс тобы Стэнфорд және Беркли сынды белді университеттер мен Tesla Motors, SolarCity қатарлы танымал инновациялық компаниялардың жұмысымен танысты.
Тараптар таза энергетика, газ-химия, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы мен білім беру, ІТ саласын дамытуда әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда Силикон жазығында «Самұрық Innovation» компаниясын құру мүмкіндіктері қаралды.
Жұмыс бабындағы іс-сапар барысында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының қызметі таныстырылып, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Астанада құрылысы басталған «Жасыл орам» және күн панельдері өндірілетін «Kaz PV» жобасы туралы мағлұмат берілді.
«EXPO 2017» көрмесіне әзірлік аясында іске асырылуы мүмкін бірлескен жобаларды талқылау үшін Стэнфорд университеті, SolarCity және Motors компанияларының өкілдері ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумына шақырылды. Ұсынысты Силикон жазығының іскер және ғылыми ортасы ерекше ықыласпен қабыл алды.
Жоғарыда аталған қос компанияның директорлар кеңесінің мүшесі және Бас директоры Илон Маскпен келелі кездесуде әріптестікті көрмеге қатысу аясынан ауқымды қарқында ілгерілету жолдары сараланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды