- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында соғысқа қатысқан жерлестер туралы кітап шықты
Ақтөбе облысында соғысқа қатысқан жерлестер туралы кітап шықты
«Соғыс жылдарындағы Ойыл» - «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кеңсесінде тұсауы кесілген кітаптың атауы осы. Бұл - арасында танымал тілшілер, полиграфистер, мұражай қызметкерлері, әскерилер болған авторлар тобының көпжылғы еңбегі.
«Бұл кітаптың бағалылығы - оның деректілігінде. Авторлар тұтқынға түсіп, із-түзсіз жоғалған, тағдыры белгісіз болған жүздеген жерлестерінің есімдерін қалпына келтірді», - деп атап өтті басылымның тұсаукесерінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева.
Мұрағаттық материалдар негізінде құрылған кітап ойылдықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы баяндайды. Онда соғыс жылдарындағы көптеген фотосуреттер мен жерлестердің майданнан жолдаған хаттары бар.
Кітапты құру бастамасын «Нобель» баспаханасының директоры Нұрлан Жұмағалиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі, тілші Алмат Пангереев және Ресей әскерінің полковнигі Олег Ярошенко алға тартты. Олардың барлығы - Ойылдың тумалары.
Кітапты құруда Ойыл және Қобда аудандық әкімдіктері, кино, фото және дыбыс жазу Орталық мемлекеттік мұрағат, облыстық мұрағат та үлкен қолдауын көрсетті.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді