• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰЭМ шағын несие беруші ұйымдарды кепілдіксіз қаржыландырумен айналысатын қор құрмақшы

ҰЭМ шағын несие беруші ұйымдарды кепілдіксіз қаржыландырумен айналысатын қор құрмақшы

13 Сәуір, 2015 10:49
ҰЭМ шағын несие беруші ұйымдарды кепілдіксіз қаржыландырумен айналысатын қор құрады, деді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес пен Қаржы және бюджет комитетінің бірлескен отырысында.

«Қазіргі таңда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша, ведомство шағын несие беретін ұйымдарды Apex Fund негізінде кепілдіксіз қаржыландырумен айналысатын қор құру мәселесін пысықтауда. Осы уақытта Азиялық даму банкі мен қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен алдын ала кеңес жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша, Азиялық даму банкі ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау қорының базасында техникалық қолдау мен трансформация ретінде Apex құруға дайын екендігін білдірді»,-деді Қ.Өскенбаев.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау қорын трансформациялау соңғы заемшілер үшін пайыздық көрсеткішті төмендетіп, кәсіпкерлік субъектілердің шағын несиеге деген сұранысын қанағаттандырып, өндірілетін өнімнің көлемін арттыруға, шағын қаржы беретін ұйымдардың ауылдық аймақтарда кең қанат жаюына ықпал етеді.    

«Бүгінгі таңда еліміздің шағын және орта бизнес саласында 2,6 миллион адам жұмыспен қамтылған, бұл еңбекке жарамды халықтың үштен бірі.  Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 18 пайыз, бұл өте төмен көрсеткіш. «Бизнестің жол картасы» аясында пайыздық ставканың субсидиялау негізінде кәсіпкерлер жылына 7 пайыздық көрсеткішпен несие ала алады. Ал экспортқа негізделген тауар өндірушілер үшін мұндай несие үстемесі 6 пайыз»,-деді вице-министр.

Осылайша, «БЖК-2020» бағдарламасы аясындағы қолдау шараларына 230 мың 442 кәсіпкер қамтылып, 237 мың жұмыс орны құрылып, барларына қолдау көрсетілді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар