• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматылық фермерлер жәрмеңке маусымының ашылуына 50 аталым бойынша тауар жеткізді

Алматылық фермерлер жәрмеңке маусымының ашылуына 50 аталым бойынша тауар жеткізді

13 Сәуір, 2015 11:09
Алматыда жаңа жылдағы алғашқы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

 Қала азаматтарына 50 аталым бойынша бағасы базардағыдан 15-20% төмен тағам өнімдерін ұсынған Алматы облысының тауарөндірушілері жәрмеңкелер маусымның шымылдығын түрді.

Жәрмеңкедегі тауардың сапасы мен баға деңгейін Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бақылап шықты. Ахметжан Есімов аймақтармен бірлесіп демалыс күндері өткізілетін жәрмеңкелердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша қаланың Алматы облысымен өзара тиімді әріптестігінің перспективасын тілге тиек етті.

«Жәрмеңкелерден бөлек өзге де тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз. Біз ауыл шаруашылық жұмыстарын дамыту үшін кәсіпкерлерді Алматы облысының агроөнеркәсібіне қаржы салуға шақырамыз. Бұл бастаманы қош көргендер де бар, себебі ауыл шаруашылығы болашағы зор сала, өнімдері сұранысқа ие. Мысалы жаңадан суару тәсілін енгізді, нәтиже жаман емес. Мемлекет басшысы атап өткендей жерді тиімді пайдалану қажет», - деді шаһар басшысы.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі ауыл шаруашылығы саласында жерлерді іздеу және тиімді пайдалану жұмыстары жемісін бере бастағанын айтты.

«Біз қазір ҮАААЖ бойынан жерлерді қарастырып жатырмыз, болашақта ол жерлерді алматылық бизнесмендер сақтау қоймалары ретінде де пайдалана алады. Алматы - алып өтім рыногы. Ол ұшін логистиканы бірлесе отырып есепке алу қажет», - деді А.Баталов.

Алматы тұрғындарына 50 тонна ет, 35 тонна картоп, 40 тоннадай көкөніс, 9 тонна жеміс-жидек, 1,5 тонна бал, 7 тоннадай балық және басқа да азық-түлік өнімдері жеткізілді. Жалпы тауар құны 110 млн. теңгені құрады. Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласынан (Текелі, Талдықорған, Қапшағай) келген шаруа қожайындары алып шаһарға 168 тонна экологиялық таза әрі сапалы азық-түлік өнімдерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері азық-түліктің бағасын бірқалыпты ұстау мақсатында 7-ші жыл қатарынан өткізіп келеді.

Барлық жаңалықтар