- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы зообағын жаңғырту жобасын жүзеге асыруға 483 миллион теңге бөлінді
Алматы зообағын жаңғырту жобасын жүзеге асыруға 483 миллион теңге бөлінді
Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен бизнес-қауымдастық өкілдері мен шетелдік инвесторлар қатысты. Алматы зообағының қамқоршылық кеңесінің басшысы Райымбек Баталовтың айтуынша, жаңғырту жұмыстары зообақты дамыту бағытындағы соңғы уақытта әлемде орын алып отырған өзгерістер мен талаптарға сәйкестендіру мақсатында қолға алған.
Жаңғырту жұмыстары талапқа сай жүзеге асырылған жағдайда зообақ Қазақстандағы теңдесі жоқ ғылыми ойын-сауық нысанына айналады. Жаңғырту жұмыстарын ұйымдастырумен құрамында ғылым, мәдениет қайраткерлері мен ірі кәсіпкерлер енгізілген осы бақтың қамқоршылық кеңесі айналысуда. Алматының іскер топ өкілдері қазіргі таңда зообақты жаңғырту бағытындағы жобаны қаржыландыру үшін 483 миллион теңге бөлуге дайын екендіктерін білдірді.
«Біз алматылықтардың ең сүйікті демалыс орындарының біріне айналған зообақты жаңғыртып қана қоймай, оны Еуразия кеңістігіндегі ең танымал орындардың біріне айналдырғымыз келеді. Біздің зообақтың ғылым саласы болсын, оқыту, ойын-сауық бағытында болсын, қай жағынан да алғанда әлеуеті зор. Сондықтан оны Шыңбұлақ, Медеу сияқты қаланың қалың көпшілік ең көп қатынайтын аймағына айналдыруға толық мүмкіндік бар»,-дейді Р.Баталов.
Аталмыш жобаның жоспарымен танысқан қала әкімі жаңғырту жұмыстарының өте маңызды және аса қажетті екендігін атап өтті.
«Келесі жылы зообақтың құрылғанына 80 жыл болады. Бұрын жасалған тұжырымдама әлі күнге дейін сақталған және өткен жылы зообақта 420 мың адам болған. Бірақ, оған келушілер саны 1 миллионға дейін жеткен кездері болды. Егер біз зообақты талапқа сай жаңғыртатын болсақ, миллионды еңсеру аса қиын емес. Бұл бағытта қазірдің өзінде біршама жұмыстар атқарылды және алдағы уақытта да жалғаса беретін болады»,-деді шаһар басшысы.
Кең көлемдегі жаңғырту жұмыстарының жобасын әлемге әйгілі Питер Разбахтың арихитектуралық бюросы дайындауда. Аталмыш ұжымның тізімінде Берлиндегі, Туриндегі, Дубай мен Тегерандағы, Дюссельдорфтегі және өзге де көптеген қалалардағы әйгілі зообақ жобалары бар. Жоба зообақты географиялық зондау тәсілі бойынша толықтай қайта жөндеуді қарастырады. Сонымен қатар жаңа тұжырымдамада жануарларды ұстау жағдайын мүмкіндігінше жетілдіру қарастырылған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр