• Басты
  • 2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді
17 Қазан, 2019 13:25

2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді



2021 жылдан бастап Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың келтірілген экологиялық зардапты жоюға міндеттейтін жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді
"Жаңа Экологиялық кодексті дайындау үшін былтыр қауымдастықтың,  өнеркәсіптік компаниялардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасайды. Биылғы жылдың желтоқсан айында жаңа Экологиялық кодекс Парламент қарауына енгізіледі. Аталған кодексті дайындау барысында халықаралық экологиялық келісімдер ескерілді. Заңнама бір жыл көлемінде талқыға түсіп, 2021 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр",- деді вице-министр.

Сондай-ақ, Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, Экологиялық заңнаманы жетілдірудегі басты мақсат- "ластаушы төлейді" деген қағидатты жүзеге асыру.

"Аталған кодексті жетілдірудің басты бағыты- "ластаушы төлейді"  экологиялық қағидатын іске асыру болып отыр. Қолданыстағы Экологиялық заңнама бойынша, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау рәсімдерінен өту туралы талап қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне қарамастан барлық кәсіпорындарға қолданылып жүр. Мұндай әдістің тиімділігі төмен. Сол себепті ірі ластаушы кәсіпорындарға көңіл бөлу керек",- деді ол.

Бұдан бөлек, вице-министр жаңа кодекс бойынша заңнаманы бұзғандар үшін әкімшілік айыппұлдың да көлемі артатынын атап өтті.

" Қазақстанда 2000-ға жуық үлкен бірінші санаттағы кәсіпорын бар. Әр облыстың өзінің кәсіпорны бар. Мәселен,  атап айтсақ, Атырау облысында  - Теңіз Шевройл,  Атырау өңдеу заводы, Шығыс Қазақстанда Казцинк. Бүгінгі күні кәсіпорындар экологиялық кодексті бұзған жағдайда міндетті түрде айыппұл салынады. Ал, жаңа кодекс бойынша, айыппұлдың да көлемін он есеге көбейтуді жоспарлап отырмыз",- деді ол.

Назерке Сүйіндік 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды