• Басты
  • 2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы

2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы

20 Сәуір, 2021 11:15

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылауды, ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын ұсынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Әсет Ерғалиевтiң сөзiнше, макрокөрсеткiштердiң болжамы ел экономикасының өсуi бойынша жедел деректердi, әлемдiк экономика мен нарықтағы оң үрдiстердi ескере отырып, нақтыланған.

«Мәселен, жалпы iшкi өнiмнiң өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5%-дан бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ға дейiн жақсарды», - дедi ол.
Министрдiң мәлiметiнше, жыл басынан берi мұнайдың орташа бағасы баррелiне 61 долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзiлi қаржы ұйымының болжамдары 44 пен 67 доллар аралығында болып отыр. Осыған байланысты, макрокөрсеткiштердi нақтылау кезiнде мұнайдың орташа жылдық бағасы баррелiне 50 доллар деңгейiнде айқындалған.

Сонымен қоса, Әсет Ерғалиев Дүниежүзiлiк банк вакциналау жүргiзудiң тиiмдiлiгiне байланысты әлемдiк экономиканың өсуiн 1,6%-дан 5%-ға дейiн болжанғанын атап өттi.

«Ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейiн жақсарды. Бұл ретте номиналды жалпы iшкi өнiм 77,8 трлн теңге көлемiнде бағалануда. Сыртқы сұранысты қалпына келтiру аясында металлургиядағы өндiрiстiң неғұрлым белсендi өсуi есебiнен өңдеушi өнеркәсiптегi болжамды көрсеткiштер 4,1%-дан
5,2%-ға дейiн жақсарды», - дедi министр.
Сондай-ақ, құрылыста жоспарланған 17 млн шаршы метр тұрғын үйдiң пайдалануға беруiне байланысты болжам 2,5%-дан 5%-ға дейiн жақсарған. Ақпарат пен байланыста IT қызметтерге сұраныстың өсуi нәтижесiнде болжам 3,8%-дан 6,5%-ға дейiн ұлғайған.

Ұлттық Банктiң болжамы бойынша, экспорт 10,8 млрд долларға, яғни 52,2 млрд долларға дейiн ұлғаяды. Импорт 37,1 млрд долларды құрап отыр. Ал, инфляция бұрын бекiтiлген 4,0-6,0% дәлiзде сақталған.

Түзетiлген макроэкономикалық болжам негiзiнде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерiнiң болжамы нақтыланған.

«Республикалық бюджеттiң кiрiстерi (трансферттердi есепке алмағанда) 2021 жылы 7 204 млрд теңге көлемiнде бағаланады, бұл бекiтiлген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт өзгермейдi және 2 700 млрд теңге мөлшерiнде сақталды. Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейiн ұлғайды», - дедi ол.
Сонымен қоса, республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд теңге көлемiнде болжанған, бұл бекiтiлген көрсеткiшке қарағанда 1 285 млрд теңгеге ұлғайтылғаны. Бюджет тапшылығы жалпы iшкi өнiмге қатысты 3,5% деңгейiнде болжанып отыр.
«Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы шеңберiнде 2021 жылға арналған макрокөрсеткiштер мен бюджеттiк параметрлердiң болжамын нақтылауды қолдауды сұраймын», - дедi министр.
Республикалық бюджеттi нақтылау туралы заң жобасы

Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрi Ерұлан Жамаубаев 2021 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау туралы Заң жобасын ұсынды. Оның айтуынша, нақтылау кезiнде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының iс-шаралары мен Мемлекет басшысының тапсырмалары, оның iшiнде жыл сайынғы жолдаулары шеңберiнде айтылған стратегиялық бастамалары ескерiлген.

Сондай-ақ, пандемияға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен бұрын қабылданған мiндеттемелер ескерiлген. Аталған бағыттар бойынша бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайып, 15,3 трлн теңгенi құраған.

Бюджет шығыстары келесi көздер есебiнен ұлғайтылды:

-  279 млрд. теңге қосымша түсiмдер

- 850 млрд. теңге Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту

- бюджет тапшылығын жалпы iшкi өнiмге 3,5%-ке дейiн жеткiзу

«Бұдан басқа, Президенттiң бастамаларына арналған резерв қаражатын қайта бөлу iске асырылды», - министр.

Сайлауалды бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мынадай негiзгi бағыттар бойынша iске асырылатын болады:

- әлеуметтiк саланы қолдау, құқық тәртiбi мен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге - 182 млрд теңге;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттiк бағдарламаларын, «Ауыл – ел бесiгi» жобасын iске асыруға - 177 млрд теңге;

- ауыл шаруашылығын және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға - 143 млрд теңге;

- республикалық және жергiлiктi жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстауға - 140 млрд теңге;

- шағын және орта бизнестi қолдауға - 64 млрд теңге;

Iндетке қарсы iс-шараларға қосымша 265 млрд теңге бөлiндi, оның iшiнде:

- карантиндiк iс-шараларын жүргiзуге тартылған медицина қызметкерлерiне қосымша ақы төлеуге - 70 млрд теңге;

- тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 млрд теңге.

Мемлекет басшысының негiзгi тапсырмаларын қаржыландыруға 154 млрд теңге көзделген. Бюджеттiң қосымша шығыстарының жалпы көлемiнде өңiрлерге трансферттер 539 млрд теңгенi құрайтын болады.

«Осы шаралардың барлығы экономиканы ынталандыру мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негiзiн қалайды. Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттiң негiзгi параметрлерi осындай», - деп түсiндiрдi Ерұлан Жамаубаев.

Барлық жаңалықтар