- Басты
- Жаңалықтар
- Хорватияда Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
Хорватияда Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, іс-шараға Хорватия Республикасының экс-президенттері Степан Месич және Иво Йосипович, экс-сыртқы істер министрі Будимир Лончар, дипломаттар және іскерлік, академиялық пен қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Елшісі Аслан Мусин «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттерін сипаттап, бұл мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламасы Қазақстан экономикасы өсімінің алдағы жылдардағы қозғаушы күші болып табылатынын атап өтті. Елші Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы шеңберінде соңғы 5 жылда 750 кәсіпорын іске қосылып, 75 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.
А. Мусин хорват аудиториясына Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және шетел инвесторларын қолдау және қорғау жөнінде Астананың қабылдаған шаралары туралы толығырақ баяндап берді.
Қазақстан Елшісі конференция қатысушыларын Хорватияның мемлекеттік органдары мен жеке компанияларымен мемлекетаралық қатынастарды жаңа деңгейге жеткізу бойынша Елшілікпен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Экономика, қаржы, денсаулық сақтау, білім және құқық салаларында 12 құжат қол қойылуға дайындалуда. Технология трансферті мен шетел инвестицияларын тарту мысалы ретінде 500 млн. еуро сомасындағы инвестициялық мүмкіндігі бар 22 хорват компанияларымен уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы атап өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында Елші А. Мусин мемлекетіміздің алдында тұрған қазіргі қауіптерге жауап ретінде Президент Н. Назарбаев ұсынған 5 институционалды реформалар туралы ақпарат берді.
Академик И. Шлаус өзінің сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатта мемлекеттің барлық маңызды салаларын қамтитын Қазақстан Президентінің жүзеге асыруға қойған мақсаттарының өзектілігі таңқаларлық екенін атап өтті. Ол «Нұрлы жолды» табысты іске асыру Қазақстан үшін экономикалық және әлеуметтік дамудың әлемдік жоғары стандарттарына жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Қазақстанға жиі келген Хорватия экс-президенті С. Месич «Нұрлы жол» Қазақстан дамуының зор мүмкіндіктерін айқындайтын стратегиялық құжат болып табылатынын мәлімдеді. Ол хорват компанияларын қазақстандық бизнеспен белсенді ынтымақтасуға шақырды, себебін еуразиялық ірі жобалар Қазақстанда іске асырылып жатқанымен түсіндірді, және қазақстандық нарық хорват тарапы үшін ашық болғалы тұрғнда осындай мүмкіндікті пайдалану қажеттігін атап өтті.
Кезінде Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқан Хорватия экс-президенті И. Йосипович елдің әрі қарай дамуын жоспарлау, әлемдік және аймақтық үрдістерді болжамдаудағы қазақстандық тәжірибе хорват меморгандары үшін бағалы болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандық қоғамды төзімділіктің жоғары үлгісі деп атап, жоғары бағалады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды