- Басты
- Жаңалықтар
- Жалпықалалық сенбілікке 170 мыңнан астам алматылық қатысты
Жалпықалалық сенбілікке 170 мыңнан астам алматылық қатысты
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыдағы ардагерлер үйі аумағынан бастау алған шараға қала басшысы Ахметжан Есімов, мәдениет және өнер саласының өкілдері, қала жұртшылығы қатысты. Олардың қатарында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов төбе көрсетті.
Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілікте қоғамдық және жастар ұйымдарының мүшелері, ПИК өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері белсенділік танытты. Алматыдағы 8 аудан бойынша ағаш отырғызу және тазалық жұмыстарына барлығы 178 мың адам қатысты.
«Бұл жақсы көрсеткіш, осыншама қалың жұрт қатысатын өзге шаралар жоқтың қасы десе де болады. Бұл дегеніміз қала азаматтарының өз шаһарына қамқорлық танытатынын және қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтынын білдіреді, осы үшін барша қала азаматтарына алғысымды білдіремін», - деді Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі қаладағы Жасыл желектер қорын жаңарту және дамыту бағдарламасын қорытындыларына тоқталды. Бағдарлама аясында 2010 жылдан бері 35 мың түп кәрі немесе ауру ағаштар сүріліп, орнына 4 есе көп немесе 120 мың түп жасыл желек отырғызылған. Ағымдағы жылы 30 мың ағаш отырғызылмық.
«Біз бағдарламаны тәмамдап келеміз, ол толықтай жүзеге асты десе де болады. Тозығы жеткен ағаштарды сүру аяқталды, енді тек жыл сайын 30 мыңдай жасыл желек отырғызылатын болады. Бағдарлама жасыл қорды жаңартуға ғана бағытталмаған, ең алдымен, тозығы жеткен ағаштарды сүру сынды ондаған жылдар бойы атқарылмаған жұмыстарды қолға алуға негізделген. Мысалы, биылғы қыс маусымында ағаштардың құлауы сынды жағдайлар тіркелмеген, яғни жұмыстың тиімділігін шаһар жұртшылығы да сезінді», - деді шаһар басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Алматыда желтоқсан айында жаудырылған қар салдарынан 7 мыңдай ағаш құлаған болатын. Нәтижесінде электросым желілері үзілді, автокөліктер зақымданып, адамдар жапа шеккен болатын.
Жалпықалалық сенбілікте барлығы 4000 түп ағаш отырғызылды. Қаланың санитарлық жағдайын және көріктендіру жұмыстарын жақсартудан өзге, шаһарымыздың эстетикалық жағдайына үлкен мән берілді. Шара барысында ағаштарды ақтап, қоршауларды, турникеттер мен орындықтарды, қоқыс жәшіктерін бояу сынды жұмыстар атқарылды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады