- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің делегациясы Астанаға 2015 жылы келеді
Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің делегациясы Астанаға 2015 жылы келеді
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелерін, қытай тарапының Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуын және Қазақстан-Қытай Іскерлік Қенесінің кезекті 3-ші отырысын өткізуін талқылады.
Елші ҚР «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, оның «Жібек жолының экономикалық белдеуімен» үндестігіне назар аударды.
«Цзян Цзэнвэй ҚХР үкіметі қытай тарапының «ЭКСПО-2017»-ге қатысуына, сондай-ақ Қазақстан-Қытай Іскерлік Қеңесі аясындағы екі мемлекет іскерлік топтары арасындағы байланыстарды тереңдетуге және одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті», - делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша қытай тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелерін пысықтап, онда Қытай ұлттық павильонын салу сұрақтарын пысықтау мақсатында, ҚХР ХСКК делегациясының 2015 ж. екінші жартысында Астанаға жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар, екі жақты экономикалық және инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында ҚХР кәсіпкерлерінің делегация құрамына кіргізіліп, Қазақстанға сапарын ұйымдастырылуы жоспарланды.
ҚХР ХСКК 1952 ж. құрылып, бүгінгі күні қытайлық компаниялардың тауарлары мен қызметтерін халықаралық нарықтарға ілгерілету бойынша ҚХР-дың ең ірі мекемесі. Комитеттің құзыреті Қытай экономикасының сауда және өнеркәсіп салалардағы барлық кәсіпорындар мен мекемелерді қамтиды. ҚХР ХСКК - қытай компанияларының ең ірі халықаралық көрмелерге қатысуларын қамтамасыз ететін жауапты орган және Қазақстан-Қытай Іскерлік Қеңесінің тең құрылтайшысы болып табылатын мекеме.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
Абай жылының айшықты тұстары -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды