Елбасы Түркия Республикасының Президентімен кездеседі

11 Сәуір, 2015 13:35
Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

«13 сәуірде Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдайды деп жоспарлануда.14 сәуірге Мемлекет басшысы мен «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуянненің кездесуі жоспарланған», - делінген хабарламада.

16 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтетін болады.

Сапар аясында екі мемлекет басшыларының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген.

Барлық жаңалықтар