• Басты
  • 2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс
14 Тамыз, 2020 14:16

2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс

«Болашақ»: шексіз мүмкіндіктерге жол ашу - Халықаралық бағдарламалар орталығының ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тамыз Кеңесі шеңберіндегі панельдік сессиясы барасында 2020 жылғы «Болашақтан» үміткерлер білуі тиіс маңызды ақпараттар айтылды. 2 сағатқа созылған сессияда талқыланған тақырыптар Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс

Сессияда сөз алған спикерлердің бәрі - «Болашақ» бағдарламасының әр жылғы түлектері. Бәрі үш тілге де судай. Қазіргі таңда олар еліміздің түрлі саласында маңызды қызмет атқарып жүр. Сессия барысында “Болашақ” бағдарламасының түлектері өздерінің шетелде білім алу тәжірибелері мен оны Қазақстанның білім беру саласында қолдануы жайында бөлісті.

Осы күнге дейін 13870 Қазақстан азаматы «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің түрлі университеттерінде білім алды. Олардың 10700-ден астамы қазір елде түрлі салада қызмет етіп жатыр.

 Сессияның модераторы С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы экономика секторындағы жаңа мамандықтарға шолу жасады. Университеттердегі цифрлық оқыту, аралас оқыту жүйесі жайлы айта отырып, өзі басқарып отырған университеттің білім беру ерекшеліктеріне тоқталды.

Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының бас директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қанағатова Алмагүл Медихатқызы айтуынша, ғылыми тәжірибе алуға әлемнің 33 мемлекетіне аттанған 1385 «болашақтық» студент елге оралып, ғылым жолында еңбек етіп жүр.

Мен Сингапур менеджмент университетінде білім алып келдім. Қаақстаннан шет мемлекетке білім алуға шыққан әр «болашақтықтың» тағдыры әр түрлі. Сингапурда әуежайдан түскеннен бастап бізді-қазақстандық студенттерді күн сайын «қонақ» сияқты күтті. Университет президентімен түскі асқа бару мен үшін естен кетпес оқиға болды. «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға аттанарда студент әбден ойлану керек. Мемлекет есебінен шетел көріп қалайын деп емес, білім алу мен алған білімді ел игілігіне жұмсаймын деп бару керек. «Болашақтың» әрбір студенті – әр салада өзгеріс енгізетін лидер, - деді ол.

2020 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия тағайындалды. Құжаттарды қабылдау 27 шілдеде басталып кетті. 31 қазанға дейін жалғасады. «Болашақ» стипендиясына үміткерлер таңдаған жоғары оқу орындарында оқу қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында, қарашада және 2021 жылдың қаңтар айында басталады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Кәрібозова Айнұр Бағдатқызының айтуынша, пандемияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатыны әзірге белгісіз, сол себепті бұл кезең онлайн форматта өтеді.

Техникалық дайындық бойынша бірінші іріктеуді тамыздың аяғында немесе қыркүйектің басында орталықтандырып өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші кезең, яғни тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерімен жеке сұхбаттасу болмақ. Сұхбат үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Іріктеудің жаңа ережелері бойынша сараптама комиссиясында кемінде бес адам болады, ал бұрын үш адам еді. Сонымен қатар комиссия мүшелері үміткердің таңдаған мамандығына, ЖОО, білім алатын еліне байланысты қойылатын сұрақтар шегі бекітілді»,- деді Кәрібозова.

Үміткермен сұхбат онлайн форматта өтеді, таспаға жазылады.

Осы жылы үміткерлерден құжаттар egov.kz арқылы онлайн қабылданып жатыр. «Болашақ» стипендиаты атануға үміткерлер әлі де құжат тапсыра алады.

Биыл академиялық оқу үшін 85 мамандық таңдалса, тағылымдамадан өту үшін 95 мамандық анықталды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ұсынылған 138 жоғары оқу орнының тізімі бекітілді. Олар әлемнің алдыңғы қатарлы, түрлі әлемдік рейтингтерде тұрған оқу орындары. Ал таңдалған мамандықтардың саны – 180. Биыл ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 2101 стипендия тағайындалды.

Айнұр Кәрібоза ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Болашақ» құрылғаннан бері 13 жылда Қазақстаннан ғылыми педагогикалық бағыт бойынша 2101 стипендия тағайындалды. Оның 1300-і тағылымдамадан өткен.

Айнұр Кәрібозованың айтуынша, көбінесе степиандаттар әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдайды. Пайыздық көрсеткіш бойынша осы бағытта мамандық таңдайтын студенттер 79%-ды құрайды. Екінші орында инженерлік техникалық мамандық 18 %-ды, медициналық бағытта 7 %-ды құрап отыр. Таңдалатын ЖОО географиясы - АҚШ пен Канадада 40%, Ұлыбритания мен Ирландияда 37%, Еуропада 6,4 %, Аустрлияда 3,6%, Ресейде 2,2 %, Азия елдерінде 1,5 % көрсеткішті көрсетті.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия 2020 жылға айқындаған тағылымдамадан өту санаттарына келсі мамандықтар кірді:

Ғылыми педагогикалық қызметкерлер;

Инженерлік техникалық қызметкерлер;

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;

Мемлекеттік қызметкерлер.

Басым мамандықтар тізбесіне сәйкес тағылымдамалдан өту үшін 90 мамандық таңдап алынды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптың бірі – Қазтест сертификаты. Бұл тест үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруін тексереді. Тағы маңызды ақпарат, биыл үміткерлерге жас ерекшеліктеріне қатысты қойылатын талап жоқ. Яғни кез келген жастағы азаматтар үміткер бола алады.

Айнұр Кәрібозова тағылымдаманың мерзімі 12 айдан аспау керектігін, шақыру алған білім беру ұйымы жетекші шетелдік ЖОО қатарына кіру керектігін, өндіріс немесе салалық ұйым болуы шарт екенін түсіндірді.

1.     Тағылымдамадан өту үшін қажет құжаттар:

2.     Нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3.     Жеке куәлік және паспорт;

4.     Жұмыс бершінің өтінімі;

5.     Қосымшасы бар бакалавр немесе мамандық дипломы;

6.     Еңбек қызметін растайтын құжаттар, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;

7.     Қазтест сертификаты;

8.     Шартсыз шақыру хаты;

9.     082 нысаны бойынша медициналық анықтама (карантиндік шектеу шаралары кезінде есептелмейді);

10.    Тағылымдамадан өту бағдарламасы.

Стипендия иегерлері анықталғаннан кейін шарт жасау рәсімі басталады. Ол 90 күнге созылады. Содан кейін оқуды ұйымдастыру процесі басталады. Стипендиат тағылымдама жоспарына сәйкес тағылымдама еліне бару үшін құжаттарды рәсімдейді де, жолдама алады. Жолдама келген соң ұшақпен сол елге аттанып, білім алу кезеңін бастайды.

Сөз арасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті өзі туралы айта кетті:

Мен Қызылорда облысы Қазалы ауданының Құмжиек ауылында туып өстім. Әке-шешем - қарапайым мұғалімдер.  Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдап, содан «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанып, Лондонда "Экономика және саясат" университетінде білім алдым. «Болашақ» стипендиясының иегері атану - кез келген азаматтың қолынан келеді, - деп бөлісті ол.

Барлық жаңалықтар