• Басты
  • 2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады

2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады

25 Қаңтар, 2021 13:15

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов Банктің 2023 жылға дейінгі даму стратегиясымен таныстырды және өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.



Абай Сарқұловтың айтуынша, стратегияның жаңа жоспары әзірленіп, қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.

«Мәселен, синикатталған қаржыландыру және басқа да несие құралдарын енгізу, сондай-ақ квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтуды және жеке сектордағы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды арттыруды жоспарлап отырмыз. Даму банкінің стратегиялық жоспарының жаңа нұсқасы даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, банктің диджитал мәдениетін дамытуға, Банктің қызмет сапасы мен несиелеу құралдарын жақсартуға бағыталады», - деді ол.

Өткен жылы Қазақстанның даму банкі бүкіләлемдік пандемия мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекеттік бюджетке 187 млрд теңге салық төлеген. Өйткені, Қазақстанның даму банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттаған.

«Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстанның даму банкі қаржыландырған жобалар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады. Негізі бұл жобалар 1,3 трлн теңгенің өнімін шығарған болаты. Бюджетке төлеген салық көлемі 187 млрд теңгені құрады.», – деді ол.

Инвестициялық жобаларға есеп беру кезінде Абай Сарқұлов 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде 581 млрд. теңге тартылғанын айта керрі. Банк 544,2 млрд. теңге сомасына 26 инвестициялық жобаны қаржыландырған. Содан шамамен 502 млрд. теңге игерілген.

«Бұл қаражат 16 жоба бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістер есебінен мынадай нәтижені қамтамасыз етті: инвестицияланған бір теңгеден сатылған дайын өнім шығарудың 4,2 теңгесі, экспорттық түсімнің 2,9 теңгесі, салық төлемдерінің 0,6 теңгесі алынды. Бұған дейін Ақтөбе ағаш арқалық зауыты, Екібастұз қаласындағы ПромМашКомплект, Қарағанды облысындағы YDD, Макинск құс фабрикасы сияқты ірі ауқымды жобаларды іске қосу үшін Банк қаржыландырды, өткен жылы Алматы облысындағы Hyundai автомобиль құрастыру зауыты іске қосылды. Сонымен қатар ҚБД «Нұрлы жол» бағдарламасының экспорттық операцияларын қаржыландыру жөніндегі операторы болды», - деді спикер.

Қазіргі таңда экспорттық операцияларды қаржыландыру есебінен ҚДБ өнімдері шамамен 80 елге экспортталады. Өнімдер қатарында аммиак селитрасы, алкогольсіз сусындар, сүт өнімдері бар. Даму Банкі экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсетіп отыр.

Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов қарыз үлесі туралы да есеп берді.

«Кредиттік портфель құрылымындағы теңгедегі қарыздардың үлесі 2013 жылғы 20,5% - дан немесе 78 млрд теңгеден 2020 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 54,5%-ға дейін яғни, 1 077 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Коронавирустық пандемияға байланысты күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, кредиттік портфельді ұлғайтуды жалғастыруда, оның көлемі 2020 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға ұлғайып, 1 975 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Даму банкі ұлттық экономика үшін 34 негізгі жобаны қаржыландыра отырып, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 506,2 млрд теңге инвестициялады», - деді басшы.

АО төрағасы биыл банктің құрылғанына 20 жыл толатынын да айта кетті. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанның Даму банкінің жиырма жыл бойы атқарған жұмысы қорытындыланады.

Барлық жаңалықтар