• Басты
  • 2020 жылдың қаңтарында азық-түлік бағасы 0,3 пайызға өсті – министр
4 Ақпан, 2020 09:30

2020 жылдың қаңтарында азық-түлік бағасы 0,3 пайызға өсті – министр


ҚР Үкіметінің отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
2020 жылдың қаңтарында азық-түлік бағасы 0,3 пайызға өсті – министр

Б.Сұлтанов айтып өткендей, 2020 жылдың қаңтарында азық-түлік бағасы 0,3 пайызға өсті. Алайда, ол өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 2 есе төмен болып отыр.

«Егін жинаудың төмендеуі мен экспорттың ұлғаюына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар баға мониторингі бойынша жедел шараларды қабылдау бойынша әкімдіктердің төмен белсенділігін көрсетеді. Өткен жылы барық өңірлерде шекті бағадан асқан 67 оқиға тіркелді. Алайда, бірде-бір әкімдік сауда объектілеріне заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған. Қаңтарда да осындай шекті бағадан асу жағдайы тіркелді. Әкімдіктер тағы да ешқандай іс-қимыл болған жоқ. Мәселен, Қостанай облысында жалпы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының 0,7 пайызға төмендеуіне қарамастан, тауық пен жұмыртқа бағасы артқаны байқалады», - деді ол.

Сондай-ақ, министр бағаны төмендету бойынша барлық құралдар мен тетіктер бар екенін атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімдері қолда бар барлық мүмкіндікті пайдаланулары қажет. Тұрақтандыру қорларын пайдалану түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Өткен жылы Шымкент пен Маңғыстауда тауар интервенциясы мүлдем жүзеге асырылған жоқ», - деді Б.Сұлтанов.

Осы жылдың 15 қаңтарында ҚР Премьер-Министрі жанынан Көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін дамыту жөніндегі жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен нарық өкілдерінің қатысуымен отырыстар өткізеді.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бiздің алдымызға қазақстандықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды қамтамасыз ету туралы стратегиялық міндет қойды. Осыған байланысты әлеуметтiк маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру мәселесі өте маңызды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды», — деді А. Мамин.

Сондай-ақ, Үкiмет басшысы өткен жылдың қараша айында бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстағы олқылықтар үшін өңірлер әкiмдерiнің бірқатар орынбасарлары жауапкершілікке тартылғанын еске салды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша оң өзгерiстерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның жиынтық өсімі 1,1%-ды құраса, желтоқсанда бар болғаны 0,1%-ды құрады.

Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, бір апта ішінде көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар жүйесін құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру құрылымын анықтауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы керек. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алу кезіндегі міндеттерінің бірі болуы тиіс», — деді А. Мамин.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды