• Басты
  • 2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады
26 Қыркүйек, 2019 12:21

2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет шеңберінде, яғни, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) ұсынылатын болады, деп хабарлайды Strategy2050.kz.


2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады | Strategy2050.kz

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің мәліметінше, ТМККК шеңберінде ҚР азаматтары мен оралмандар сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жедел көмек, санавиация қызметтерін, негізгі консультациялық-диагностикалық қызметтермен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті, динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы аурулар және әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен амбулаторлық қамтамасыз етуді, стационарлық емдеуді және динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы аурулар және әлеуметтік маңызды аурулар кезінде күндізгі стационар және үйдегі стационар деңгейінде емдеу қызметтерін ала алады.

Пациенттің өміріне қауіп төнген кезде шұғыл стационарлық көмек ТМККК аясында да көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ТМККК шеңберінде науқастарға туберкулез кезінде қалпына келтіру емі, паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім қолжетімді болады. МӘМС пакеті аясында медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, республика аумағында тұрақты тұратын сақтандырылған мәртебесі бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, МӘМС шеңберінде төмендегілер ұсынылады:
МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек құрамына:

1) ҚР ДСМ бекіткен тәртіппен және кезеңділікпен он сегіз жасқа дейінгі балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды профилактикалық медициналық тексеру;

2) ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға жатпайтын аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы, оның ішінде:
диагностикалық қызметтер, қымбат тұратын аспаптық зерттеулер (КТ,

МРТ және т.б.) және зертханалық диагностика (ИФТ, ПТР және т.б.), маманның жолдамасы бойынша көрсеткіштер болған жағдайда:

-жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану;
-бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен рәсімдерді орындауы;
-стационарды алмастыратын көмек көрсету;
ТМККК тыс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецептін жазу;
-еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама.

3) жүкті әйелдерге, 18 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» көпбалалы аналарға шұғыл стоматологиялық көмек және жүкті әйелдер мен балаларға жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету (ортодонтиядан басқа).

2. Стационарды алмастыратын көмек ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетіледі.

3. Жоспарлы стационарлық көмек ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетіледі. Яғни, көмек емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны аясында пациентке емдеу аяқталғанша төсек-орын ұсына отырып, стационар палатасында қосымша сервистік қызметсіз (теледидар, тоңазытқыш, телефон байланысы, тапсырыстық тамақтану, медициналық көрсеткіштермен байланысты жағдайларды қоспағанда, палатада жеке болу) көрсетіледі. 

4. БМСК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі.

5. ТМККК кірмейтін аурулардың патологоанатомиялық диагностикасы.

6. ТМККК-ден тыс дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Бұдан бөлек, бұдан былай қазақстандықтар медициналық қызметтер бойынша ақпарат алу не шағым түсіру секілді қызметтерді оңай жүзеге асыра алады. Ол үшін 1406 нөміріне қоңырау шалуға тиіс. Аталған департаменттің айтуынша, барлық өтініштер тіркеліп, міндетті түрде қаралады. Қажет болған жағдайда, сарапшылар өтініште көрсетілген мәселені толық қарау үшін және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын бағалау үшін сол медициналық ұйымға арнайы барады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу фактісі расталса, онда медициналық ұйымға медициналық сақтандыру қорымен шарттық міндеттемелерді төлеу ережелеріне сәйкес айыппұл санкциялары салынады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды