• Басты
  • 2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді
5 Қаңтар, 2020 15:25

2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге көзделген.
2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға 12,5 млрд теңге. 5-8 қаңтар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады.

Қалған 5,2 млрд теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға таяу күндері жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.  Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге төленеді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды