• Басты
  • 2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті
8 Қазан, 2020 12:54

2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті

Биыл әлемдегі пандемия Қазақстанды ғана емес, бүкіл жаһан жұртының өмірін өзгертті. Өзін-өзі оқшаулау, қозғалысты шектеу cекілді ақпараттар коронавирус инфекциясы жаңадан тіркелген жағдайлар мен емі жоқ симптомдардың көбеюі туралы үрейлі жаңалықтармен қатар жүрді. Мұның бәрі адамдардың денсаулығы мен жеке гигиенасына ерекше назар аударуға, мұқият болуына ықпал етті. Бүгінде коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді мәңгі өзгертеді деген пікірді жиі естуге болады. Шындығында, әлем жұртшылығының өмір сүру салты қазірдің өзінде өзгеріске ұшырады. Мәселен, ғаламдық деңгейдегі іс-шаралар онлайн өтіп жатыр, білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшті, спорттық жиындар көрерменсіз ұйымдастырылуда, ал қызметкерлер үйін «кеңсеге» айнылдырып үлгерді. Осы орайда, пандемия адамазаттың өміріне қалай әсер етті деген сауалға ізденіп көрдік. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті

Әлеуметтік арақашықтықты сақтау COVID-19 вирусының таралуын алдын алу мақсатында маңызды әдістерінің біріне айналғанымен, мұндай шаралар экономикалық даму жоспарына айтарлықтай зиян келтірді. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп секторлары зардап шекті, бұл қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуына және қысқартылуына әкелді. Жабық шекара саясаты экспорт-импорт саясатына әсер етті. Сонымен бірге жағдайды қаржы мен мұнай өнімдері нарығындағы тұрақсыздық шиеленістіре түсті.

Жалпы циклды экономикалық және қаржылық дағдарыстар жағдайында халықаралық қатынастардың рөлі күшейеді, бұл қиын жағдайларда күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық диалог алаңдары экономикалық дағдарысты азайту бойынша ұжымдық шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Алайда, пандемия кезінде елдердің бір-бірімен қарым-қатынасы тоқтады деп айтуға болады.

Осылайша, 2020 жылдың көктемі мен жазына, тіпті күзге жоспарланған көптеген ірі халықаралық және аймақтық кездесулер мен консультациялар карантин режиміне байланысты тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар БҰҰ, Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік Банк, G20 сияқты ірі халықаралық ұйымдардың маңызды консультативтік-кеңесші органдары өз қызметін желіде жалғастыруға шешім қабылдады. Мемлекет басшысының деңгейіндегі кездесулердің өзі қазір бейнеқоңырау арқылы жүруде. Мұндай онлайн кездесу өткізу тәжірибесі біздің халықаралық келіссөздер жүргізу және болашақта жүздесу жолымызды толығымен өзгертуі мүмкін.

Өтпей қалған әлемдік деңгейдегі іс-шаралар

ДСҰ-ның XII министрлік конференциясы. 2020 жылғы 12 наурызда ДСҰ-ның бас директоры Роберто Азеведо Қазақстан үкіметімен сөйлескеннен кейін Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың 8-11 маусымына жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші министрлер конференциясын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

XXIV Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы. XXIV Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 2021 жылға қалдырылды.

Бірінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумы. Бірінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумы 2020 жылдың 5-6 наурызына жоспарланған болатын. Алайда форум 11-12 қарашаға ауыстырылды.

Астана экономикалық форумы. 2020 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Астана экономикалық форумының (АЭФ) өтпейтінін мәлімдеді.

XVII Еуразиялық медиа форум. Еуразиялық медиа форум жыл сайын мамыр айында өткізіледі, бірақ 2020 жылы форум кейінірек уақытқа ауыстырылды, оны ұйымдастырушылар әлі де нақтылайтын болады.

Astana Finance Days. 2020 жылдың 1-3 шілдесіне жоспарланған Қазақстандағы қаржы саласындағы басты іс-шара - Astana Finance Daysөткізу белгісіз мерзімге шегерілді.

Дубай EXPO 2020. EXPO 2020 биыл 20 қазаннан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін Дубайда, БАӘ жоспарланған болатын. Алайда, 2020 жылы 31 наурызда ұйымдастыру комитеті бүкіләлемдік көрменің өткізілу мерзімі ауыстырылғанын жариялады.

Онлайн өтетін ғаламдық шаралар

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары. 2020 жылдың 15 наурызынан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық іс-шаралары тоқтатылды, бірақ 24 наурыздан бастап бірнеше рет жабық онлайн отырыстар өткізілді. Содан бері органның жұмысы, отырыстар мен сессиялар толығымен виртуалды режимге көшті.

Мәселен, өткен айдың орта шамасында БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі іс-шара онлайн форматта өтті. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейне үндеу жасаған еді.

Бұдан бөлек Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестiң де кездесуi бейне конференция форматында өтті. Оған да мемлекет басшысы онлайн түрде қатысты. Онлайн саммитке Армения Республикaсының Премьер-Министрі Никoл Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық одақ жaнындағы бақылаушы мемлекеттiң басшысы ретінде Молдова Республикасының Прeзидентi  Игорь Додон, сондай-ақ, Еурaзиялық экономикaлық комиссия aлқасының төрaғасы  Михаил Мясникович қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 2025 жылға дейінгі еурaзиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық дамуы туралы мәселе талқыланды. Отырыс бaрысында Мeмлекеттер бaсшылары Еуразиялық экономикaлық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, соның ішінде, Кубаға Еуразиялық эконoмикалық одaқ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесiн бeру мәселeсін қарастырды.

Cонымен қоса еске салайық, Қазақстандағы үкімет отырыстары, мемлекеттік деңгейде өткізілетін мерекелік іс-шаралардың барлығы онлайн өткізілуде. Бұған дейін мемлекеттік органдардың басшыларына команданың 80% қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру ұсынылды. Кейін карантин шаралары жеңілдетілген соң, көпшілік компнаиялар бірте-бірте кеңесеге орала бастады.

Коронавирус БАҚ-қа қалай әсер етті

Әртүрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл әлемде бұқаралық ақпарат құралдары шығарған барлық материалдардың 70-тен 95% -ы коронавирусқа қатысты болды. Интернеттегі медиа-трафик ерекшеліктеріне қарамастан қызу қарқынмен өсуіп, саланы өзгертті. Сонымен, шындықтан кейінгі коронавирус дәуірінде фейктермен жұмыс істеу медианы тұтынудың ажырамас бөлігі болды.

Әлемде инфодемия белең алды. Адамдар жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санын бақылап отыр. Олар вирустың белгілерін қалай анықтауға болады, қалай емдеу керек, вакцина қашан жасалады, шекараны кім және қашан жауып, ашады секілді ақпараттары бақылауда. 

Ақпараттың көп болғаны соншалық, тіпті редакция жариялайтын материалдар ылғи тексерілген ақпарат берсе де, қате жіберу немесе қате ақпарат беру қаупі жоғары болып отыр. Осылайша бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы түбегейлі өзгерді. Пандемия жұмыс жағдайларын өзгертіп, тиімділік қажеттілігін жоққа шығармай, фактчекингтің, тақырыптар мен жаңалықтарды егжей-тегжейлі зерттеудің шұғыл қажеттілігін көрсетті.

Адамдардың дене күтіміне әсері

Карантиндегі бірнеше ай адамдардың дене күтіміне қатысты жылдар бойғы әдеттерін қайта қарауға мәжбүр етті. Сарапшылар мен статистика макияж, маникюр секілді жасанды сұлулықтан гөрі табиғилықты артық көріп, оған қамқорлық жасау туралы көбірек ойлана бастады. Карантин кезінде барлық шаштаразғ сұолулық салондары жабылуы тек экономикалық дағдарысқа әкелген жоқ, сонымен қатар азаматтардың дене күтіміне де кері әсер еткендей болды. Сол кезеңдегі әлеуметтік желілелерде отбасы мұшелері бір-бірінің шашын қиюы секілді әзіл-шыны аралас көптеген пост жарияланды. Әрқайсысына да оңай тимегені анық. Десек те карантин жеңілдтетіліп, шаштаразға шектеулі уақытпен жұмыс істеуге рұқсат берілген кезде адам толстамаған. Арнайы қоңырау шалып, алдын-ала жазылмасаңыз, шаш қидыру мүмкін емес.

Сонымен қоса шектеулер барына қарамастан, кей сұлулық салондары жасырын жұмыс істеген. Мәселен, Айнұр есімді тұтынушы өзінің әрдайым баратын сұлулық салоны тек өзнің тұтынушыларына ғана жұмыс істегенін жеткізді.

Балалардың өмірі қалай өзгерді

Әлемдік экономика, дағдарыс және пандемия туралы әңгімелердің фонында коронавирусқа байланысты қазіргі жағдайдың құрбаны болған балалардың проблемалары екінші орынға шықты. Олар сұхбат бермейді, теледидарға көп шықпайды, бірақ олардың күйзелісі қиындықтарға көніп үйренген үлкендерден де жоғары болуы мүмкін.

Ата мен әжеге баруға болмайды. Елімізде, әсіресе қазақ халқында ата мен әже балалар өмірінің маңызды бөлігі. Оксфорд университетінің мамандарының пікірінше, ата-әжелердің балалар өміріне қатысуы олардың әл-ауқатын жақсартады. Олардың балалар өміріне қатысуы балалардың әртүрлі қарым-қатынас стиліне бейімделуіне оң әсер етеді. Енді, зерттеулерге сәйкес, егде жастағы адамдар вирусқа осал болғандықтан, балалар олармен қалағандарынша жиі қарым-қатынас жасай алмайды.

Мұражайлар мен ойын-сауық саябақтарына барудан бас тарту. Барлық ойын-сауық орны ресми түрде жабылды. Кештер мен іс-шаралар өткізілмейді, өйткені бұқаралық іс-шаралар мен жиындарға тыйым салынған. Музыкалық фестивальдар мен концерттер де тоқтатылды. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық қалды. Дегенмен карантин шаралары жеңілдетіліп, ірі сауда орталықтары ашылғанымен, балаларға арналған ойын алаңдары ашылмады. Оның үстіне сауда орталықтары да демалыс күндері жұмыс істемейді.

Сонымен қатар айта кету керек, Қазақстанда бүгінге дейін музейлер, кинотеатрлардың ашлыуына рұқсат етілген жоқ.

Балалар достарымен кездесе алмайды. Достармен араласу - бұл балалар өміріндегі, әсіресе жасөспірім кезіндегі өте маңызды аспект. Ересектер сияқты, балалар компьютерлік ойындар туралы айтса да, достарынан жиі қолдау табады. Қазіргі заманғы технологиялар достарыңызбен қашықтықта байланыста болуға мүмкіндік беретіні сөзсіз, бірақ бұл бетпе-бет байланыстың орнын бас алмайды.

Туған күнді достарсыз үйде тойлайды. Көптеген отбасылар баланың туған күнін тойлау үшін алдын-ала жоспарланған кештерден бас тартуға мәжбүр болды. Енді туған күндер қонақсыз атап өтіледі. Торттың анасы жасағандығы немесе дүкеннен сатып алғаны балалар үшін қатты маңызды емес, бірақ қонақтардың келмеуі олардың көңіл күйіне әсер етеді.

Басқа мерекелер де өзгерді. Басқа мерекелер карантин кезінде, атап айтқанда, балалар күні болды, бұл көптеген отбасылар үшін маңызды мереке. Әдетте, бұл мереке туыстарына баруға және дәмді тағамдар дайындауға мүмкіндік береді. Алайда, биыл көптеген мерекелік шаралардың барлығын оффлайн өткізуге тыйым салынды.

Мектептегі сабақтар онлайн режимде өтіп жатыр. Өзін-өзі оқшаулау кезінде көптеген студенттер онлайн оқиды. Егде жастағы оқушылар үшін бұл білім беру форматы аса стресті болмауы мүмкін, бірақ кіші жастағы балалар үшін бұл формат ыңғайсыз болуы мүмкін. Мектепке баруға, мұғалімді көруге, сыныптастарымен сөйлесуге дағдыланған балалар енді жаңа оқыту түріне үйренуге мәжбүр. Сондықтан психологтар ата-аналарға мұндай жағдайда материалды игеру сапасы төмендеуі мүмкін деп ескертеді, ал мұғалімдер нашар баға бермеуге тырысады.

Бұған дейін баспасөз мәжілістерінің бірінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2,6 млн бала қашықтан оқып жатқанын, ал 800 мың бала дәстүрлі форматта білім алуда екенін айтып өткен еді. Оның айтуынша, елімізде 7 мың мектеп бар, оның 3 мыңы шалғайдағы ауылдарда орналасқан, олар дәстүрлі форматта жұмысын жалғастырып жатыр. Ал қалғаны министрлік ұсынған түрлі білім беру платформалары арқылы қашықтан оқуды жалғастыруда.

Қорытындылай келе, қазіргі таңда әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін атып кеткен жөн. ДДС ұйымы бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина табылған күннін өзінде 6 ай уақыт күтуге тура келетінін айтқан болатын. Ұйымның мәліметінше, вакцина тек 6 айдан кейін ғана әсер етеді, сол себепті шамамен қайтыс болатындар саны 2 млн-ға жетуі мүмкін. Сонымен қоса кеше, яғни 7-қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдіренің қатысуымен өткен баспасөз мәжілісінде олар желтоқсанда екінші толқыны болып, қатаң режимдегі карантин енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Осы орайда, олар қазақстандықтарды санитарлық талаптарды орындауға шақырды.

Барлық жаңалықтар