• Басты
  • 2020 жыл - Абайды танудың жаңа заманының бастапқы кезеңі – Т.Әбдікәкімов
21 Қаңтар, 2020 17:54

2020 жыл - Абайды танудың жаңа заманының бастапқы кезеңі – Т.Әбдікәкімов

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу салтанатты түрде ашылды. Шара аяқталған соң қоғам қайраткерлері мен өнер иелері Ұлы ақынның тұлғасы мен мұрасы жайында өз пікірлерін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 2020 жыл - Абайды танудың жаңа заманының бастапқы кезеңі – Т.Әбдікәкімов
«Абай қандай деңгейдегі адам. Абай-ақын, данышпан. Сөздің табиғаты, құпиясы туралы өлеңдер жинағында 124 рет «сөз» дегеннің өзі аталады. Мәселенің өзі «сөз» болып отыр. Сөз дегеніміз – дыбысталған ой екендігін ескерсек, демек ақыл-еске қатысы бар. Сондықтан, Абай өте кең, жуыр маңда зерттеліп бола қоймайтын, өте күрделі тұлға. Жылдың аясында ғана емес, Абайды танудың жаңа заманының бастапқы кезеңі деп есептеуіміз керек. Тағы бір мәселе, Абайдың шәкірттерінің айналасындағы ерекше тұлға- Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім Абайдың барша меңгерген ілімін меңгеріп, оны меңгеріп қана қоймай, насихаттап, одан әрі қарай дамытып алып кеткен дана адам. Сондықтан, Абай зерттеу орталықтарын құрған кезде, Шәкәрімді жеке қарастыру қажет болады. Өйткені, ол Абайдың аясына сыймайтын дана. Сананы жаңғырту үшін Семейдің тарихын анықтап алуымыз керек. Қазір ғалымдардың арасында түрлі пікірлер бар. Осы мәселе кеңінен зерттелсе деген үміт бар», - деді ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы.

Өз кезегінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай ашылу салтанатына бір айдан астам уақыт дайындық жүргенін айтты.

«Концертке ұзақ дайындалдық. Мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келіп дайындалды. Үлкендермен қатар балалар да бар. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек, басқа өңірлерден хорлар қатысты. Тек Абайдың шығармалары: қара сөздері, поэзиясы алынды. Елбасы мен президенттің мақалалары тақырыптық көмек болды. Сондықтан бүгін өз дегенімізге жеттік қой деген ойдамыз. Абай жолын дұрыс бастадық қой деп есептеймін. Көрерменнің қабылдауына қарап осылай айтуға болады», - деді ол.

Ол айтып өткендей, бүгін 18-20-ға жуық қойылым болды.

абай 2.jpeg

«Сценарийді желтоқсан айында жаздық. Сосын еліміздің әр өңіріне барып, өнершілерді таңдадық. 5 қаңтардан бастап бас репетициялар басталды», - деді «Жастар» театрының бас режиссері.

 Айта кетейік, биыл Ұлы ойшылдың мерейтойында халықаралық,республикалық және аудандық деңгейде 500-ден астам іс-шара өтеді. 

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100