«Сенің дауысың – Сенің болашағың» байқауына 538 жұмыс келіп түсті

11 Сәуір, 2015 12:37
ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауының аяқталуына 5 күн қалды.

Қазіргі кезде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жұмыстар толассыз келіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 538 жұмыс іріктеуден сәтті өткен. Байқау талаптарына сай келмеген 100-ден астам жұмыс кері қайтарылды.

Байқауға дауыс беру онлайн түрде жүреді. Осы күнге дейін 50 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерген.

Байқауға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Өтініш беру 17 наурыздан басталған болатын. Енді 15 сәуірде қабылдау аяқталады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.

Байқау  «Sailau2015.el.kz».   арнайы  платформасы   аясында «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асуда.

 

 

Барлық жаңалықтар