Алматыда велошеру маусымы ашылады

12 Сәуір, 2015 15:34
Алматыда велошеру маусымы ашылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Биылғы жылдың алғашқы туры мегаполисте Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы Республика алаңынан басталады. Велошеру бағытының ұзындығы 9 км, Желтоқсан көшесінен жоғары қарай Әл-Фараби даңғылын бетке алып, Бірінші Президент саябағында мәреге жетеді.

Жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, Алматыда велошерулер 2009 жылдан бастап өтіп келеді. 2014 жылы қалада 13 велошеру өтті.

Барлық жаңалықтар