• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери қызметшілер арнайы мақсаттағы бөлімшелердің халықаралық сайыстарына қатысады

Қазақстандық әскери қызметшілер арнайы мақсаттағы бөлімшелердің халықаралық сайыстарына қатысады

12 Сәуір, 2015 15:41
Қазақстандық әскери қызметшілер Иорданиядағы «Warrior-2015» арнайы мақсаттағы бөлімшелердің халықаралық сайыстарына қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Warrior-2015» арнайы масқаттағы топтардың 7-ші халықаралық сайысы сәуірдің 19-ы мен 23-і аралығында Амманда Король II Абдулланың арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығында өтеді.

Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдарды құрайтын қазақстандық командалардан басқа сайысқа 20 елден тағы 42 команда қатысады. Фавориттер арасында АҚШ, Ресей, Иордания, Канада командаларын және Қытай Халық Республикасының чемпиондарын атап өтуге болады.  Сайыс барысында арнайы бөлімшелердің жауынгерлері атыста, шыдамдылықта, командада жұмыс істеуде, шабуылдау дағдысында, таулы дайындықта және т.б. жарыста мықтыларды айқындайтын болады.

Қазақстандық командалар осындай сайыстарға екінші мәрте қатысып отырғандығын атап өткен жөн. Аталған жарыста қазақстандық әскерилер жетекші орындардың бірін иеленді. Жыл сайынғы «Warrior» сайыстары 2009 жылдан бастап II Абдулла арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығының жаңғыртылған полигонында Иордания Қарулы Күштерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

 

Барлық жаңалықтар