Ақтөбеде «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі өтеді

12 Сәуір, 2015 10:02
Ақтөбе қаласының әкімдігі және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалін ұйымдастырады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

 Тіл фестивалі аясында келесі байқаулар өткізіледі:

 -   2015 жылғы 17 сәуір күні көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауы;

 -   2015 жылғы 24 сәуір күні өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін «Абай оқулары» қалалық байқауы;

  -   2015 жылғы 13 мамыр күні «Тіл – тұнық ойдың кәусары» үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген қала жастарының арасында өткізілетін қалалық олимпиада;

 -  2015 жылғы 20 мамыр күні «Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар» атты қыз-келіншектер арасындағы қалалық жыр мүшәйрасы (қазақтың ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналады...).

Барлық жаңалықтар