• Басты
  • 2019 жылы республикалық маңызы бар 9 жолда қозғалыс ашылды
16 Қаңтар, 2020 15:45

2019 жылы республикалық маңызы бар 9 жолда қозғалыс ашылды

Өткен жылы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 4,4 мың шақырымы қамтылды. Аталған жұмыстардың мұндай көлемі Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.


2019 жылы республикалық маңызы бар 9 жолда қозғалыс ашылды

Өткен жылы қозғалыс республикалық маңыздағы жолдардың 641 шақырымында ашылды. Енді жүргізушілер ұзындығы 61 шақырымды құрайтын «Теміртау – Қарағанды – Балқаш – Қапшағай» жолымен еш кедергісіз жүре алады. Сондай-ақ, көлік қозғалысы «Орталық – Шығыс» дәлізінің 249 шақырымында ашылды. Бүгінгі таңда «Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» жолының 16 шақырымы да көлік қозғалысы үшін ашық. Мұнымен қоса, реконструкциядан өткен 85 шақырымдық «Бейнеу – Ақжігіт», 18 шақырымдық «Таскескен – Бақты», 80 шақырымдық «Шучинск – Зеренді», 26 шақырымдық «Қандыағаш – Мақат», 73 шақырымдық «Жетібай – Жаңаөзен» жолдары мен 34,4 шақырымдық «Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолында» қозғалыс қамтамасыз етілді.    

2019 жылы күрделі жөндеумен қамтылған автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 438 шақырымды құрады. Олардың 24 шақырымы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өткен жылы жолдың 1101 шақырымында орташа жөндеу жасалды. Жасалған орташа жөндеу жұмыстары жолдардың 424 шақырымында ресайклинг, 256 шақырымында жабындыны төсеу, 414 шақырымында кедір-бұдырлы жол бетін өңдеу, 7 шақырымында микросюрфейсинг әдісімен жасалды.  

Өткен жылдың қорытындыларына сәйкес жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль  жолдарының үлесі 21,9 мың шақырымды немесе 88% құрайды. І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың үлесі 34 % дейін жеткізіліп, 8,4 шақырымды құрады.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды