• Басты
  • 2019 жылы 7 мың мүгедектен заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған- Бас прокуратура
3 Ақпан, 2020 17:18

2019 жылы 7 мың мүгедектен заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған- Бас прокуратура

Бас прокуратурада өткен брифинг - 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен прокуратура органдарының негізгі функцияларына, жоғары қадағалаудың маңыздылығына арналды, деп хабарлады Strategy2050.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 2019 жылы 7 мың мүгедектен  заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған- Бас прокуратура

Ресми өкіл Оксана Петерс мәлім еткендей, өткен жылы анықталған бұзушылықтар бойынша әртүрлі жауаптылыққа 19 мың адам тартылды.  Мемлекетке 32 млрд. теңге қайтарылған. Прокурорлардың қолдаухаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 1025 сот актілерінің күші жойылды және өзгертілді. 

Брифингте мүгедектердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатыны айтылды. 

“7 мың мүгедектен 90 млн. теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған. Ұзақ уақыттан бері мүгедек балаларды оқытатын мектептердің 30 мыңнан астам мұғаліміне - заң бойынша тиесілі 40% пайыз мөлшерінде үстемеақы төленбей келген. Біздің араласуымыздан кейін қазір бұл төлемдер іске асырылуда”,- деді Оксана Петерс. 

Бас Прокурордың Нұсқауы бойынша балаларға қарсы қылмыстар мен зорлау қылмыстарын тергеп-тексеруге және ашуға маманданған 96 жедел тергеу тобы құрылды. Олардың құрамында тәжірибелі тергеуші және прокурор әйелдер бар. Мұндай істерді тергеп-тексеру әдістемесі  әзірленген. Нәтижесінде жыныстық қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігі 42% өсті.

Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі тепе-теңсіздіктің 500 –ге жуық фактісі анықталған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданған.   

Өткен жылы прокурорлар қызметтік үй-жайлардан 752 адамды босатты. 295 адамды негізсіз қудалауды тоқтатқан.  Тергеп-тексеруді тоқтату және мерзімдерін үзу туралы 16 мыңнан астам қаулының күші жойылған. 

Прокурорлардың шаралары бойынша бір жарым мыңдай азаматқа қатысты үкімдер қайта қаралды. 

Бұл ретте 572 сотталған адамның жағдайы жақсарды, яғни олардың жазасы мен айыптау көлемі төмендетілді. Бас прокуратураның бастамасымен 41 адам ақталған. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды