ШҚО-да су тасу қаупі бар аймақтар қатаң бақылауға алынды

12 Сәуір, 2015 12:06
Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бар аймақтар қатаң бақылауға алынды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы демалыс күндері ШҚО аумағында күннің температурасы 22 градусқа жетуі мүмкін. Осыған байланысты, аймақта дайындық жұмыстары бақылауда болғанымен, мамандар кейбір өңірлерге баса назар аударуда.

Бүгінгі күні аталған 6 ауданның 45 елдімекені қатаң бақылауға алынған. Олардың қатарында Бескарағай, Глубокое, Зырян, Катон-Қарагай, Көкпекті және Шемонаиха аудандары бар.

Александр Ломыгинның айтуынша, облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың шұғыл түрде алдын-алу мақсатында арнайы штаб құрылды. ШҚО ТЖД-нің жеке құрамынан іріктелген 254 құтқарушы 6 топқа жасақталған. 10-13 сәуір аралығында штабтың топтары мен арнайы құрал-жабдықтар аталған өңірлерге бағытталмақ. Автокөлікті техникалар, жүзу және құтқару жабдықтары толық даярланған. Қазіргі уақытта өңірдегі су қоймалары мен өзендердің жағдайы ұдайы бақылауға алынған.

 

 

Барлық жаңалықтар