- Басты
- Жаңалықтар
- Каспий теңізінде қазақстандық үш жауынгерлік кеме экипажы теңіз биатлонына дайындалуда (Фото)
Каспий теңізінде қазақстандық үш жауынгерлік кеме экипажы теңіз биатлонына дайындалуда (Фото)
Су үсті жауынгерлік кемелерінің капитандарына ерекше міндет жүктелді. Жеке құраммен жұмыс барысында олар әр әскери қызметшінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп қана қоймай, психологиялық тұрғыда салауатты ахуалды орнатып, ұжымды біртұтас команда ретінде топтастыра білуі қажет.
«Біздің әскери теңізшілер байқаудың күрделі сынақтарынан лайықты өтетініне және өздерінің кәсіби шеберлігін тағы да дәлелдейтініне сенемін. Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері – жай ғана қызмет, жұмыс немесе іс-қимыл түрі емес. Біздің әрқайсымыз үшін бұл өзіміз таңдаған өмір жолы, ішкі ықыласымыз», - деп «Қазақстан» зымыранды-артиллериялық кеме капитанының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант В. Кочуров атап өтті.
Байқаудың ауқымдылығына баға беріп отырған әскери теңізшілер нәтижесінде жоғарғы кәсібилікті, дене күші мен төзімділікті көрсету үшін күнделікті жаттығуларда өз шеберліктерін шыңдап, ерінбей-жалықпай жаңа биіктіктерді бағындыруда. «Каспий теңізі – 2015» халықаралық жарысы – бірегей және жетілген іс-қимыл, сонымен қатар Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің, сондай-ақ басқа да қатысушы – Ресей, Түркіменстан және Әзербайжан елдерінің жауынгерлік әзірлігін көрсететін тамаша емтихан болмақ. Теңіз биатлоны үшін Каспийдің арнайы акваториялары бөлініп, дәл сол жерде биыл жазда ауқымды жарыс қанат жаятын болады .
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді