Маңғыстау облысында 7 ай ішінде 53 нысан заңдастырылды

11 Сәуір, 2015 15:08
Маңғыстау облысында 7 ай ішінде 53 нысан заңдастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Заңдастыру комиссиясы жеті айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысына заңдастыру бойынша түскен өтініштің 170-ке жеткенін хабарлады. Оның ішінде тұрғын үй – 62, қолданылатын – 107, құнды қағздар – 1. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша – 53 нысан, тұратын мекемелер – 13, қолданылмайтын – 40. 78 өтініш қайтарылып берсе, 38 өтініш қайта қарастырылуға жіберлді», - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, қазіргі таңда аудан мен қала әкімдеріне жылжымайтын мүлікті тексеру мақсатында қолданылатын немесе қолданылмайтын жер учаскелерін тіркеу тапсырылды. Осы үдеріс заңдастырылуы керек нысандарды анықтайды. 

Барлық жаңалықтар