• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мысырда «Қазақстан-Мысыр достығының қауымдастығы» атты қоғамдық бірлестік құрылды

Мысырда «Қазақстан-Мысыр достығының қауымдастығы» атты қоғамдық бірлестік құрылды

12 Сәуір, 2015 11:39
Қазақстанның Каир қаласындағы елшілігінде еліміздің дипломаттары және мысыр қауымдастығы өкілдерінің арасында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығын дамыту жолдары туралы пікір алмасу үшін дәстүрлі кездесу өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылау барысында қатысушыларға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауы мен «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы және ынталандыру шараларын қолға алып жатқандығы, сонымен қатар, Елбасы бастамасымен айқындалған бес институттық реформалары туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға қатысушылар еліміздің мәдени-әлеуметтік өміріндегі жаңалықтар мен халықаралық бастамаларына, соның ішінде алдағы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қызығушылық танытты.

Олар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, Президент Н.Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің атап өтті.

Қатысушылар Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды және одан әрі дамытуды көздейтін «Қазақстан-мысыр достығының қауымдастығы» атты қоғамдық бірлестігін құру туралы бастама көтеріп, бірауыздан қолдады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар