- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласы ТЖД бастығы ардагерлерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады
Астана қаласы ТЖД бастығы ардагерлерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады
Астана қаласы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Б.О.Дұзақбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.К.Бекешев пен Әйелдер кеңесінің төрағасы Г.О.Төлеубаева ҰОС және ТЖ органдарының ардагерлері ішкі қызмет майор И.А.Заиченко, Г.А.Данилов пен Қ.Қ.Қабдуалиевті құттықтады.
Заиченко Иван Афанасьевич Қызыл әскер қатарына 1942 жылдың ақпан айында қабылданған. Иван Афанасьевич «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.
Қабдуалиев Қасенбай Қабдуалиұлы 1924 жылдың 24 қазанында Ақмола облысының Сталин ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылы шақыртылады. Соғыстан соң, Отанға оралмастан Германияда екі жыл қатарымен қызмет етеді. Ол жерде совет басқыншылық әскерлерінің тобында болады. «Жауынгерлік қызметі үшін», «Әскер мен флотқа 30 жыл», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған.
Данилов Геннадий Иванович 1941 жылдың тамыз айында соғысқа аттанады. Геннадий Иванович Мәскеу маңында Ішкі істердің Халықтық Комиссариатында Дзержинскийдің дивизиясында (НКВД) қызметтен өтеді. ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медалдарымен, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының құрметті ардагері» медалімен марапатталған.
Аталмыш үш ардагеріміз де Қызыл әскердің қатарына соғыстың басында шақыртылған болатын, содан кейін азаматтық қорғаныс саласында көп жыл еңбек еткен болатын. Келген қонақтарды ардагер қарттарымыз ерекше қуанышпен қарсы алып, соғыс күндеріндегі естеліктерімен бөлісті. Ардагерлердің жақындары алғыстарын білдірді.
ТЖ департаменті ардагерлерге ерекше көңіл бөледі, себебі бұл адамдар өмір жолдарында қиын да ауыр сыннан – соғыстан өтті. Астана қаласы ТЖД ардагерлер кеңесінде ҰОС-ның 3 ардагері, 5 тыл және ТЖ мен АҚ органдарының ардагері бар. Астаналық ТЖД қызметкерлері жыл сайын Ардагерлер кеңесінің қорына бір күндік жалақыларын аударып, материалдық көмек көрсетеді. Мерейтойлық, елдегі айтулы мереке күндері ардагерлер Департамент қызметкерлерінің назарынсыз қалмайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті