- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Ұлттық Тұжырымдаманың жобасын таныстырды (ФОТО)
ҚР ҰКП бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Ұлттық Тұжырымдаманың жобасын таныстырды (ФОТО)
«Әлеуметтік жауапкершіліктің элементтерін енгізу кәсіпкерлер үшін біршама басымдылықты қамтамасыз етеді. Тұрымдаманы жүзеге асыру экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, бизнестің жауапкершілігін арттырады және Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру режимін жеңілдетіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді»,-деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Нұржан Әлтаев.
Бұл ретте бизнесті ынталандыру әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын ортаны жетілдіру мен әлеуметтік инвестициялау бағытында ұсыныстар енгізілетіндігін атап өту керек.
«Біз кәсіпорындарды ынталандыру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледік. Әлеуметтік жауапкершілік мәселесін шешу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтастығын тереңдетіп, әрі белсендендіру жоспарлануда. Бұл ретте Қазақстанның бизнес-құрылымдары ұлттық заңнама мен халықаралық еңбек ұйымдарының конвенцияларының талаптарын мүлтіксіз орындап, БҰҰ-ның жаһандық келісіміне кіру бағытында жұмыстар жүргізеді»,-деді Н.Әлтаев.
Тұжырымдаманың басты мақсаты- бизнестің жауапкершілігін арттыру үлгісін қалыптастырып, өз кезегінде ол экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.
«Тұжырымдамаға 7 түрлі әлеуметтік жауапкершілік мәселесі енгізілген. Олар: адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, адал іскерлік тәжірибе, корпоративті басқару, адал еңбек тәжірибесі, қауымдастықтардың тыныс-тіршілігіне араласу мен оларды дамыту»,-деді Әлтаев.
Бұған қоса, тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өзін-өзі бағалау мен кәсіпорындардың халықаралық талаптар негізіндегі қаржылық емес есептерін дайындау әдісін енгізу көзделуде.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады