• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Байқоңыр» V инвестициялық форумы сәуір айының аяғында өтеді

Қызылорда облысында «Байқоңыр» V инвестициялық форумы сәуір айының аяғында өтеді

10 Сәуір, 2015 17:31
28-29 сәуірде Қызылорда облысында «Байқоңыр» V инвестициялық форумы өтеді.

2013 жылдан бері жылына бір рет «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен қаржы институттары қатысады. Форум аясында  ндаған ынтымақтастық туралы меморандумдар жүзеге асырылады.

Еуропалық қайта құру банкімен бірігіп 60 млрд теңге тұратын 8 жоба облыста жүзеге асуда. ЕҚҚБ Қызылордадағы автобус паркі мен «Жанрос Дрилинг» ЖШС  қондырғылар мен станок зауытын қаржыландырды.

Сондай-ақ, су тарату мен жіберу жүйесі мен электр желілерін жаңғырту саласында жобалар жүзеге асырылуда.

Форумның іскерлік бағдарламасына туристік саланы дамыту, металлургиялық кластер,  IT- индустрия, қаржы инфрақұрылымы мен өзге өзекті мәселелер  жайын талқылау бойынша бизнес-секциялар қосылды,

Форум аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына бару жоспарланған. Онда «Союз-У» ғарыш кемесі ұшырылады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар