• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қызылорда облысының теміржолшылары және фермерлерімен кездесті

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қызылорда облысының теміржолшылары және фермерлерімен кездесті

10 Сәуір, 2015 16:24
ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелерпі Қызылорда облысына барды. Өңірде облыс белсенділері, темір жолшылар мен фермерлермен кездесу өтті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының активімен кездесу Нартай Бекежанов атындағы драма театр қабырғасында өтті. Өз сөздерінде қызылордалықтар  Мемлекет басшысына  өз  аймақтарын дамытуға  үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Сейілбек Шаумаханов  аймақ тұрғындары Елбасына Арал өзенін сақтап қалғаны үшін алғысы  шексіз екенін жеткізді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынған плотинаның арқасында су деңгейі 12 метрге жетті,  Арал мен теңіздің ара қашықтығы 100-ден 20 шақырымға дейін қысқарды. Өңірде балық өнеркәсібі қайта дамуда», - деді ол.

«90-шы жылдары Арал теңізінің мәселесі барлығын толғандырды. Алайда, Елбасы барлық аймақты аппаттан сақтап, оған қайта жандануды сыйлады», - деді «Арал балық» зауытының қызметкері Айшабақ Байтімова.

РҚШ мүшелері сондай-ақ, вагон жөндеу ісін қарады.

«Темір жол тарихында «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» стратегиялық жобасы алтын әріптермен жазылған, бұл арман болып тұрған, Елбасы сол арманды шындыққа айналдырды. «Сексеуіл-Қоскөл»  363 адамды жұмыспен қамтыды, оның бірі мен, жас маман жаңа үйден пәтер алып үлгердім, ол Сексеуіл станциясында жас қызметкерлер үшін салынған болатын. Жаңа магистральдар – тәуелсіздіктің  жетістігі, Елбасының еңбегі», - деді жас теміржолшы Нұрлан Өрекешев.

Теміржолшылар атынан «Қазжолжоба» ЖШС жұмыскері Юрий Немченко сөз сөйледі, ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы мен «Қызылорда – Жезқазған» автожолы жобаларының  өңір тағдырына  оң әсер еткенін айтты.

«Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ірі жобалар мыңдаған қызылордалықты жұмыспен қамтыды. Олар бір облыстың өмір жолына айналды», - деді Ю.Немченко.

РҚШ мүшелері күннің екінші жартысында өңірдің фермерларымен кездесті. Олар Елбасына аграрлық саланы қолдағаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгінде ауыл азаматтары өз болашақтарына сенімді. Өйткені елімізде өз бизнесіңді ашуға барлық жағдайлар жасалған, шаруа адамдары өздерінің нанандарын сенімді түрде өндіруде, мал шаруашылығын да дамытуда, олар ертеңгі күндеріне сенімді. Олар өздерінің Көшбасшыларына сенеді, өйткені Елбасының саясаты жасампаздық пен жетістікке бағытталған»,-деді өзінің сөзінде Жалағаш ауданының фермері Әліби Бекжанов.

Қызылорда облысының тұрғындары 26-сәуір күні Ұлт Көшбасшысына дауыс беретіндіктерін сенімді түрде айтты,  өйткені Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың кепілі.  

Барлық жаңалықтар