- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ электрондық денсаулық сақтау мәселелері бойынша стандарттық талаптардың жобаларын әзірледі
ҚР ДСӘДМ электрондық денсаулық сақтау мәселелері бойынша стандарттық талаптардың жобаларын әзірледі
Стандарттардың әзірленген жобалары электрондық форматта рецептілерді жүргізу процесін реттеу, диагностикалық зерттеулер мен емдеу шараларының электрондық процестерін басқару, вакциналау мен скринигтеуді қоса алғанда, аурулардың электрондық профилактика процестерін реттеу бойынша талаптарды көздейді.
Осы стандарттардың міндеттері мыналар болып табылады:электрондық рецептілер сервисінің жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, электрондық рецептілердің сервис кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттық ең аз көлемін анықтау: (рецептілерді жазып беру, рецепт бойынша дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымды өткізу, ДЗ пен ММБ беру туралы хабарламаны беру);
Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетуді қолдауды, олардың түпнұсқалылығын және пациент келісімін анықтауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге қатысты электрондық рецептілер сервисінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мынадай процестерді реттеу бойынша қосымша талаптар мен қағидаларды анықтау.
Оған қоса, клиникалық деректерді жинау, диагностикалық зерттеулер мен емшараларына электрондық бағыттар, медициналық қызметтерге жіберу, сонымен қатар электрондық денсаулық паспорты арқылы диагностикалық зерттеулер нәтижелерін алу процесінде клиникалық деректерді нормалау үшін жіктемелер мен сәйкестендіргіштерді анықтау, электрондық денсаулық сақтау процестерін іске асыру үшін электрондық денсаулық паспортының сыртқы ақпараттық жүйелермен (ұлттық және шеткі) өзара іс-қимылын реттеу үшін функционалдық талаптар мен қағидаттарды анықтау.
Әзірленген құжаттар Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы көздеген стандарттау бойынша қызметтің жалғасы болып табылады және «Электрондық денсаулық сақтау мәселелері бойынша техникалық құжаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 10 ақпандағы № 75 бұйрығына сәйкес электрондық денсаулық паспортына және электрондық медициналық жазбаға сәйкес стандарттық талаптардың ережелерімен реттеледі. Осы стандарттық талаптардың жобалары барлық мүдделі талаптармен келіскеннен кейін бекітілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар