• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҚДБ биылғы жылы Қызылорда облысының әкімдігімен бірге екі несие келісімін жасамақшы (ФОТО)

ЕҚДБ биылғы жылы Қызылорда облысының әкімдігімен бірге екі несие келісімін жасамақшы (ФОТО)

10 Сәуір, 2015 15:49
ЕҚДБ биылғы жылы Қызылорда облысының әкімдігімен бірге екі несие келісімін жасамақшы, деп хабарлады Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Бахтиер Файзиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

«Биылғы жылы біз Қызылордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар секторы мен қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарын дамыту бағытында екі несиелік келісімге қол қоюды мақсат етіп отырмыз. Қазіргі таңда әкімдік пен коммуналдық сектордағы кәсіпорындардың қолдауымен жылу, электр, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту бағытындағы жұмыстарды бастадық»,-деді Б.Файзиев.

Бүтіндей алғанда, ЕҚДБ банкімен бекітілген жобалардың құны 63 миллиард теңгені құрайды.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда облысының әкімдігімен бірге муниципалды инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындармен жұмыс істеуде. Алайда біз өзге де салалардың жұмысына араласамыз. Негізінен жеке секторда жұмыс істейміз»,-деді банк өкілі.     

Бұған қоса, ЕҚДБ кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына консультациялық көмектер көрсетпек.  

Камила Амирова

​Фото Азамата Алиева

Барлық жаңалықтар