• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан өзінің озық үлгісімен барша әлемге конфессиялар арасында татулық пен келісім орнату мүмкін екендігін дәлелдеді - Мұхаммед Матар Салим әл-Кагби

Қазақстан өзінің озық үлгісімен барша әлемге конфессиялар арасында татулық пен келісім орнату мүмкін екендігін дәлелдеді - Мұхаммед Матар Салим әл-Кагби

10 Сәуір, 2015 19:24
Ислам және уақып істері жөніндегі агенттігінің Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Астанада үш жылда бір өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әртүрлі мәдениет пен діндері бар халықтар мен елдердің арасын жақындандыратын айрықша көпірге айналып отыр», - деп мәлімдеді Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам және уақып істері жөніндегі бас агенттігінің төрағасы доктор Мұхаммед Матар Салим әл-Кагби Қазақстанның Әбу Дабидегі Елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесуі барысында.

Мұхаммед әл-Кагби ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Съезд Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға шақыруын зор ризашылықпен қабыл алды.Ол Қазақстан өзінің озық үлгісімен барша әлемге конфессиялар арасында татулық пен келісім орнату мүмкін екендігін көрсете білуде деп атап өтіп, Әмірліктер Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Исламның шынайы рухани-мәдени құндылықтарын дамыту мен сақтап қалуға бағытталған күш-жігерін әрдайым қолдайтындығын қуаттады.

 

Барлық жаңалықтар