Қазақстанда сомасы 121,9 млрд теңгенің 19 170 нысаны жария етілді

10 Сәуір, 2015 19:09
Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 237,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 27 163 өтініш түсті.

ҚР Қаржы министрлігі хабарлағандай, сомасы 172,6 млрд. теңгеге 22 347 тұрғын үй объекті, сомасы 62,9 млрд. теңгеге 11 940 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 41,7 млрд.теңгеге 2 876 коммерциялық объект, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 228,2 млн тенге құрайтын 10 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті. Сомасы 223,7 млн. тг құрайтын 6 тұрғын үй объекті,  сомасы 1,5 млн. тг құрайтын  тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық обьекті, сомасы  3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі, 670 тг сомасында бағалы қағаздар келді.
 

Барлық жаңалықтар