• Басты
  • Жаңалықтар
  • 3,5 жыл ішінде АҚШ Ауғанстанды қалпына келтіру жобалары үшін 78 млн. долларға қазақстандық тауарларды сатып алды

3,5 жыл ішінде АҚШ Ауғанстанды қалпына келтіру жобалары үшін 78 млн. долларға қазақстандық тауарларды сатып алды

9 Қазан, 2013 10:09
2010 жылдан бастап 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейінгі кезеңде американдық тарап жалпы сомасы шамамен 78 млн. АҚШ долларына қазақстандық тауарларды сатып алды, деп «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Kaznex Invest ықпалдастығы арқасында 2010 жылдан бастап 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейінгі кезеңде американдық тарап жалпы сомасы шамамен 78 млн. АҚШ долларына қазақстандық тауарларды сатып алды. Жеткізушілер — шере, кабель, орамдағы болат, цемент, арматура, ағаш өнімдерін, түрлендіргіштер, тасты тұз, ауыз су, химиялық залалсыздандырушы құралдарды, гигиена құралдарын және т. б. — барлығы 20-дан астам өнім түрлерін шығаратын 15 отандық өндіруші», - деп хабарламада нақтыланған.

 Kaznex Invest үшін басты мақсаттардың бірі — «Made in Kazakhstan» өнімдерінің осы бағыттағы жеткізілімдерін барынша арттыру. 2011 жылы американдық сатып алушылар мен инженерлердің сапары ұйымдастырылды, бұл жеткізілімдердің артуына кедергі келтіріп отырған факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Ұлттық агенттік американдық тараптың қарауына ықтимал АҚШ пен Еуропа стандарттарымен салыстырмалы талдау үшін әр тауар бойынша техникалық стандарттар (ГОСТ) көрсетілген қазақстандық өнімдердің тізімін берді.

Бұл іс-шараны Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің қолдауымен АҚШ Қорғаныс министрлігінің логистика бойынша агенттігі ұйымдастырды. Форумға Ауғанстанды қалпына келтіру және дамыту жобаларының жеткізушілері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Кездесудің қатысушылары бірлескен жұмыстың аралық нәтижелерін қорытындылады.

Еске түсіре кетсек, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шешімімен 2010 жылдан бастап Kaznex Invest агенттігі Ауғанстандағы АҚШ жобаларының қажеттіліктері үшін қазақстандық тауарларды сатып алу мәселелері бойынша америкалық тараппен өзара әрекеттестік бойынша бірыңғай оператор болып табылады. Осы уақыт ішінде олардың сұраулары бойынша сұранысқа ие болған өнімнің өндірушілері туралы толық ақпаратты беріп тұру арқылы Kaznex Invest американдық логистика Агенттігінің сатып алушы компанияларымен іскерлік қарым-қатынастарды жолға қойды.

2012 жылы Kaznex Invest американдық сатып алушы компаниялармен ынтымақтастық тақырыбында 60-тан астам отандық кәсіпорындар үшін Алматыда 4 іс-шара (бизнес-семинарлар және екіжақты кездесулер) өткізді. Қазақстандық компаниялар олардың тауарлары сатып алынуы үшін қажетті рәсімдермен, талаптармен және сипаттамалармен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды. Азық-түлік өнеркәсібінің 5 кәсіпорнында әлеуетті жеткізушілер реестріне енгізу үшін техникалық аудит өткізілді. Сәйкестік сертификатын алу үшін өнім үлгілері АҚШ зертханаларына жеткізілді. 

«Біздің кәсіпорындар халықаралық гуманитарлық сатып алулар нарығында жұмыс істеудің мол тәжірибесін алуда. Халықаралық стандарттарды енгізу бойынша нақты сатып алушының талаптарын орындай отырып, өндірушілер қосымша басқа да нарықтарға да қол жеткізіп жатқан жағдайлар да бар», - деп атап өтті Kaznex Invest агенттігінің Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-тың сәйкес ведомстволары мен ұйымдарымен келіссөздер жүргізудегі қолдауын атап өту керек. Сондай-ақ, атап өтетін жағдай, Ауғанстанға тауарлар жеткізумен айналысатын 2 трансұлттық сатып алушы ұйымдар Қазақстандағы бизнесін ұлғайтуға ниеттеніп отыр және Алматыда өз өкілдіктерін ашып та үлгерді.

Барлық жаңалықтар