• Басты
  • Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордалық ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетті (Фото)
10 Сәуір, 2015 19:39

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордалық ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетті (Фото)

Қыс бойы аулаға жиналып қалған қарды тазарту, үй қызметіне көмектесу, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау – осы мақсатпен Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері қаладағы Ұлы отан соғысы ардагерлерінің үйлерін жағалады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  елордалық ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетті (Фото)

«Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті ұйымдастырған акция аясында Департамент қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек тылында еңбек еткен қарттарға көмек берді», - деп хабарлады департамент.

Олардың үйлеріне жөндеу мен тазалау жұмыстарын жүргізіп, ақсақалдардың батасын алды. Ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы мен соғыс жылдары тыл еңбегіне араласқан ардагерлерге қамқорлық пен құрмет көрсету, Департамент қызметкерлерінің патриоттық сезімін ояту мен үлкендерді сыйлауға шақыру.

Мұқтар Беркінбаев – ҰОС тыл еңбеккері, қазіргі таңда Елордада жеке меншік секторында жер үйде тұрады. Көмекке келген Департамент қызметкерлері ақсақалдың ауласына толған қарды шығарумен айналысты және ардагерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, ұзақ өмір тіледі, сыйлықтар табыс етті.

«Біздің берген бұл көмегіміз –  ұрпағының бейбіт өмірі үшін күрескен соғыс ардагерлеріне көрсетілген құрметтің ең аз бөлшегі ғана. Біз үшін олардың көңілін көтеру өте маңызды», – деп бөлісті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті бастығының орынбасары Серік Шаламбаев.

Барлық жаңалықтар