- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы өңірі алдыңғы қатарлы халықаралық тау шаңғысы орталықтарының біріне айналуы мүмкін – Халықаралық Туристік ұйымның Бас хатшысы
Алматы өңірі алдыңғы қатарлы халықаралық тау шаңғысы орталықтарының біріне айналуы мүмкін – Халықаралық Туристік ұйымның Бас хатшысы
«Алматы өңірі табиғи-климаттық, аймақтық, геосаяси артықшылықтарымен алдыңғы қатарлы халықаралық тау шаңғысы орталықтарының біріне айнала алады», - деді Алматыдағы «Қысқы туризмнің жаңа туристік бағыттарын дамыту» тау шаңғысы курорты бойынша бірінші Еуразиялық конференцияда Халықаралық Туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаи.
Т.Рифаидің айтуынша, әлемде көптеген тау шаңғысы курорттары жұмыс істеуде және бұл сала тез дамиды.
«Туризмнің өсуі мен дамуы – адамдардың өмір сүрудің жоғары деңгейіне жетуге үлкен пайда. Біздің мақсатымыз – жетілу мен дамуымыздың экологияға кесірлі болмауы. Бұл ұстанымды осы жерде қабылдайық», - деді Т.Рифаи.
Сонымен қатар, ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ахметжан Есімов дағдарыс кезінде құлдырамай керісінше 4 пайызға көтерілген жалғыз саланың туризм екенін айтты. Бұл өз кезегінде өзге салаларға да демеу болып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасады. Оның үстіне бұл мемлекет субсидиясынсыз жүзеге асты.
«Алматы Қазақстан Республикасының мәдени, білім беру, ғылым мен туристік орталығы болып табылады. Елдің негізгі әлеуеті осында орналасқан. Қала мемлекет көлемінде ЖІӨ-нің бестен бірін, барлық салықтың үштен бірін, мемлекет бюджеті табысының 25 пайызын және туристік саладағы қызметтердің 55 пайызын құрайды», - деді қала әкімі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады