Жастардың Еуразиялық экономикалық форумы алаңды кеңейтіп отыр – Федоров

10 Сәуір, 2015 11:34
Жастардың Еуразиялық экономикалық форумы осы алаңды кеңейтіп отыр, деді Орал экономикалық университетінің ректоры Михаил Федоров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-мәслихатында.

«Тақырып жыл сайын өзгереді, өзгермейтіні база ғана. Ал форумның базасы өркениеттер диалогы, қалғаны бүгінгі күн тақырыбына байланысты. Биылғы жылы форумның тақырыбы «Өркениеттер диалогы: соғыссыз өмір» деп алынып отыр. Бұл тақырып Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды»,-деді М.Федоров.  

Форум жұмысына, Еуропа, Латын Америкасы, Азия тіпті Африка континентінің де дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысады.  

«Біз бүгін Еуразиялық экономикалық кеңістікті қалыптастыру жағдайында басты рөл жастарға ғана емес әйелдерге де берілетіндігнін ескере отырып, форум алаңын кеңейтуді жөн деп санадық. Осылайша, форумда бірнеше алаң болады, оның ішінде қауіпсіздік алаңы да бар. Бұны біз ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның басшылығымен университет лигасының мәжілісін өткізетіндігімізді назарға ала отырып, шештік. Сонымен қатар әйелдер алаңы болады»,-деді университет ректоры.  

Жастардың Еуразиялық экономикалық форумы – жастардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда, ғылым, жобалау қызметі мен кәсіпкерлікті игерудегі баспалдақ.  Жыл ішінде форумға 60 мемлекеттен соның ішінде Ресей Федерациясының 65 аймағынан 6 мың 500 оқушы қатысты. Форумға жасы 16-35 аралығындағы, мектеп оқушылары, студенттер, аспиранттар, жас ғалымдар мен мамандар қатыса алады.    

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар